Семей қаласында «Сағындырған әндер-ай» атты ән кеші өтті. Қазақтың сүйікті әндерін насихаттауға бағытталған жоба бұл жолы оның авторы, Қазақстанның Халық әртісі Майра Ілиясованың туған жерінде ұйымдастырылды. Кеш барысында қазақ ән өнерінің алтын қорына енген туындылар шырқалып, көрерменді тәнті етті. Концертте еліміздің эстрада жұлдыздары мен өңіріміздің жас өнерпаздары өнер көрсетіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.