Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік бағдарламалар легі Арбат алаңында жалғасын тапты. Мұнда Абай елінің әр өңірінен келген балалар жиналды. Бүлдіршіндер үшін түрлі тақырыптық алаңдар, шығармашылық шеберлік сабақтары мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.