Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары ресейлік әріптестерімен обыр дертін емдеудің ерекше тәсіліне арналған шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Біздің дәрігерлер Воронеж облыстық ғылыми-клиникалық онкология орталығының білікті мамандарынан жатыр мойны обырын емдеудегі озық әдістерді меңгеруде.