Көкпекті ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Қонысбай Көпесұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Көпесов Қонысбай ата – ел рухы, ұрпаққа үлгі» атты республикалық спорттық-мәдени жиын өтті. Атаулы күн ардагердің өнегелі өмір жолын ұлықтап, жас ұрпаққа үлгі етуге арналды.