Семейде «Жұлдыз болғым келеді» жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға 6 мен 18 жас аралығындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, өнерлерін ортаға салды. Биыл жоба би бағыты бойынша ұйымдастырылып, жас таланттарға үлкен сахнаға жол ашуда.