Жарыс жолындағы спортшылар үшін көк ту көтерілгенде жүректі мақтаныш пен құрмет кернейді. Бұл керемет сәтті ел намысы, төгілген тер мен үлкен жауапкершілікті арқалаған спортшылар халықаралық жарыстарда сезіне алады. Өйткені тудың көтерілуі спортшы үшін басты марапат. Тілшіміз Семейдің боксшы қызы Жанель Имантаевамен кездесіп келді.