Бірнеше жыл бұрын пробация қызметінің мамандары қағазға көміліп отыратын. Есепте тұрған азаматтарды тексеруге сағаттап, тіпті бірнеше күн уақытын сарп ететін. Ал бүгінде Абай облысында «Цифрлық пробация» мобильді қосымшасы енгізілуде. Жаңа жүйе инспекторлардың жұмысын едәуір жеңілдетіп, бақылау мен есеп жүргізуді жедел атқаруға мүмкіндік береді.