Соңғы бес жылда елімізде білім беру гранттарының саны айтарлықтай артып, бүгінде 93 мыңнан асты. Биыл оның 77 мыңнан астамы бакалавриат студенттеріне арналған. Бұл – мыңдаған жастың тегін білім алып, болашақ маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін маңызды мемлекеттік қолдау. Гранттар негізінен инженерия, құрылыс, педагогика және ақпараттық технологиялар салаларына бағытталған. Ал Абай облысында биыл жергілікті бюджет есебінен 200 әкім гранты бөлініп отыр. Бұл өңірдегі сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Оған қоса колледждерде білім алғысы келетін түлектер үшін де мемлекеттік тапсырыс саны артты. Түрлі әлеуметтік санаттағы жастарға да оқуға түсу үшін арнайы квоталар қарастырылған.