Тәртібі нашар жасөспірімдер түрме аралады. Облыстық прокуратураның бас болуымен полиция тізімінде тұрған бір топ жастар қаламыздағы түзеу мекемелерінде болып, істі болған азаматтардың бір күнімен танысты. Тіптен жасаған қылмысына опық жеген сотталушылармен де тілдесті. Мақсат – қылмыс жасаудың ақыры –жаза екенін түсіндіру дейді құқық қорғаушылар.
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында облыс көлемінде кәмелетке толмағандар қолымен 4 қылмыс жасалған. Оның екеуі тонау болса екеуінде көлік ұрланған. 2024 жылы түрлі қылмыс жасағаны үшін 17 бала істі болса, биыл 9 жеткіншек темір торға қамалды. Қоғамдағы осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін атқарушы билік пен құқық қорғау органдары түрлі шараларды қолға алып, жастарға дұрыс бағытта тәрбиеленуіне жұмыс жасауда. Бұл жолы прокуратура полиция департаменті, әкімдікпен бірлесе отырып, қаламыздағы №20 –шы түзеу мекемесінде «Заң және балалар: қателіксіз болашақ» атты ашық есік күнін өткізді
ДИАНА ПОПОВА, АБАЙ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА АҒА ПРОКУРОРЫ
Биылғы жылы Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасында алдын алу жұмысын жалғастырды. "Заң және тәртіп" идеологиясын іске асыру аясында прокуратура органдары облыс орталығының оқу орындарында дәріс сабақтарын өткізді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Ашық есік күніне полицияның тізімінде тұрған 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер шақырылды. Олар түзеу мекемесінің ішін аралап, сотталған азаматтардың бір күнімен танысты. Оңай ақша табам деп опық жеген мына азаматтың жасы бар болғаны 20 –да. Қылмыстық кодекстің 297 бабы, 3 тармағымен «Есірткі, психотроптық заттарды, тасымалдау» бойынша 10 жылға сотталған ол жасаған ісіне өкінетінін айтып, замандастарын теріс әрекетке бармауға кеңес берді.
СОТТАЛУШЫ
Бірақ бәрібір қолға түсесің. Артыңнан аңду түсіп, түбінде сені табады. Қамайды. Сотталасың. Ата-анаң жылап қалады. Алдымен анаңа қиын болады. Өзің қалай болғанын, не болғанын түсінбейсің. Түзеу мекемесіне қалай түскеніңе түсінбейсің. Маған 10 жыл берді. Бүкіл өмірім алда. Енді ғана басталып еді. Шалыс бассаң өзге емес, өз тағдырыңды өзің шешкенің.
Тағы бір ақпарат. Облыс бойынша полиция тізімінде 124 кәмелетке толмағандар тұр. Олардан бөлек әлеуметтік жағдайы төмен 198 отбасымен тұрақты алдын-алу жұмыстары жүйелі жүргізіліп тұрады. Құзырлы органдар осындай шаралардың алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтып отыр.
ЕРМЕК ИСАБАЕВ