Білімнің қара шаңырағы - Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде оқу орнының түлегі, соғыс және еңбек ардагері, педагог – басшы Игенбек Төлеутаев атындағы этнопедагогика кабинеті ашылды. Білім ордасында бұл күні Абай облысы ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы да өтті. Аймақтың аға буыны колледждегі ардагерлер ұйымының тәжірибесіне қанықты.
Аға буын алдымен оқу орнының оқытушылары мен білім алған тұлғаларына қойылған тағзым тақтасымен танысты. Алаштың небір айтулы тұлғалары білім алғанын осы жерден білесіз. Сондықтан болар, бұл жерді – «Алаштың тұңғыш білім ордасы» дейді. Облыс ардагерлері осы жерде Мұхтар Әуезовтің ескерткіше гүл шоқтарын қойды. Әзілхан Нұршайықов, Асылхан Бекбаев атындағы атаулы дәрісханаларды аралады. Игілікті шара Игенбек Төлеутаев атындағы этнопедагогика кабинетінің ашылуымен жалғасты.
ШАХМҰРАТ ТӨЛЕУТАЕВ - ИГЕНБЕК ТӨЛЕУТАЕВТЫҢ ҰЛЫ
Декабрь айынан міне, күні бүгінгі дейін мына кабинеттің жабдығын, тарихи деректерін әкеміздің іздеп, міне бүгін осы кабинеттің ашылуын, салтанатты рәсімінде болып отырсыздар. Сондықтан, мен өте өте қуаныштымын. Толқып та тұрмын. Бұл енді жасырып, жабары жоқ ойда жүрген нәрсе баяғыдан. Бірақ, өзінің, не нәрсенің өзінің сәт болады, не нәрсенің өзінің реті болады.
Жеңістің 80 жылдығына орай, колледждің ардагерлер ұйымы бірқатар игілікті істі қолға алған. Майданда от кешкен батырларға қатысты деректер зерделенуде.
ШАҒАНГҮЛ ЖАНАЕВА – КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ
Ең алдыменен оқу орнының тарихын зерделеу мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлі де жұмыс жүргізіле бермек. Өйткені, 120 жылдық тарихы бар оқу орнының тарихы да кәдімгі тарихы да зор. Біздің оқу орнымызда 4 бірдей Советтер одағының батыры оқыған. Бұл әрине біз үшін үлкен мақтаныш. Одан кейінгі тағыда бір ерекше даралап көрсеткен жағдаймыз, бұл – атаулы кабинеттер.
Колледж студенттері Жеңістің 80 жылдығына арнап отты жылдардан көрініс қойды. Патриоттық әндер шырқалды. Колледждің ісмер қыздары өз қолымен тіккен көйлектерін көпшілікке көрсетті. Игенбек Төлеутаев атындағы этнопедагогика кабинетінің ашылуына мұрындық болған Шахмұрат Төлеутаевқа колледж директоры Шағангүл Жанаева білім ордасының Мұхтар Әуезов атындағы төсбелгісін тақты.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ