Этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің берік болуында діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасының алатын рөлі ерекше. Ұстанған наным-сеніміне қарамастан, бір мақсатқа ұйысқанда ғана елде тыныштық орнап, достық салтанат құрады. Діни бірлестіктер бірлігінің бекем болуына спорттық шаралардың да пайдасы тиіп отыр. Семейде сондай жарыстардың бірі өтті.


Татулық – еліміздің басты байлығы. Қазақстандағы түрлі этнос өкілдеріне де өз таңдауы бойынша білім алуға, тілі мен діліне, тіптен діни көзқарасына да тең құқық берілген. Қол сұғушылық, қысым жасау атымен жоқ. Абай облысы Дін істері басқармасы және терроризмге қарсы комиссияның ұйымдастыруымен діни бірлестіктер арасында волейбол жарысы өтті


ЕРБОЛ ШАРИПОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Алауыздық болмасын, халықтар достығы сияқты нәрселерді насихаттау үшін жүргізіп отырған шара. Барлығымыз шын жүрегімізбен қатысып отыр. Өте қуаныштымыз. Бұрындары мұндай іс-шаралар өткізілмеген екен. Бұл енді әрине спортты да насихаттау екінші жағынан конфессия арасындағы жақындастықты, бірлестік арасындағы достық, бірлікті нығайтуға үлкен өз жұмысын атқарады деп ойлаймын.


Конфессияаралық келісімді нығайтып, бірлікке үндейтін орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Семей, Курчатов қалалары, Абай, Жарма, Бесқарағай аудандарының командалары қатысты.  


ЕВГЕНИЙ ЯГАНОВ, ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ ӨКІЛІ
Чтобы каждый біздің әрқайсымыз бұл әлемді ізгілендіруге атсалыса аламыз. Біз ұлты, нәсілі, діни көзқарасының әртүрлі болғанына қарамастан бір-бірімізге мейірімділікпен, сыйласымдылықпен өмір сүргенде ғана еліміз дами береді. Бірлігімізді тек үлкен мерекелер мен осындай шараларда ғана емес күнделікті өмірде көрсете білуіміз керек.


15 команда қатысқан турнир өте тартысты өтіп, шын мықтылар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Ермек Исабаев