Семейдің тазалығын жақсарту мақсатында облыс әкіміне жаңа коммуналдық техникалар таныстырылды. Қалаға арнайы техниканың алғашқылары келіп, көше тазалауға кірісті. Олар қалаға қысы-жазы қызмет көрсететін болады.


Қалаға 60-қа жуық жаңа арнайы техника сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта соның 10-ны жеткізілді. Қала әкімінің м. а. Бекжан Бапышевтің айтуынша, коммуналдық саланың жаңа техникамен толығуы 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.


БЕКЖАН БАПЫШЕВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ М. А.
Мердігер ұйымдарының күшейту мақсатында қалаға 60 жуық техника алынуда. Соның басы бүгін облыс әкімі Берік Үәлиұлына таныстырылды. Бұл техникалар қаланың тазалығын, оның жуылуын, қысты күні қардың тазалуын қамтамасыз етеді.


Тұрғындар көшелердің уақытында тазаланбайтынына көп шағымданады. Аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, қала тазалығын жақсарту қажеттігін айтты. Жаңа техникалар алдымен қаланың орталық көшелерін, кейін барлық шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерін тазартуға қатысады.


МЕРЕКЕ ҚОРҒАНБЕКОВ МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл техникалар жазда сумен тазалауға, щеткасымен сыпыруға арналған техникалар, қыстын күні қар күреп , сыпырып жәнеде құм сеүіп. Біздің мақсатымыз Семей қаласының тазалығын жақсарту жәнеде тазалыққа өз үлесімізді қосамыз деп толық сенімдімін.


Қаланы көгалдандыру да облыс әкімінің назарында. Қарағайлы және Юность шағын аудандарында саябақтар салынады. Берік Уәли жаңа нысандардың жобасымен танысты. Юность шағын ауданының саябағында шағын сәулет нысандарын, футбол, баскетбол және балалар ойын алаңдарын орнату жоспарлануда. Демалыс орнының жалпы ұзындығы-бір шақырым. Облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне құрылысты сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА