Ерекше өнер ұжымы. «Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарына арналған «Шамшырақ» клубының «Гауһартас» халықтық хоры 20 жылдығын атап өтті.
«Гауһартас» хоры 2005 жылы құрылды. Ерекше қажеттіліктері бар жандардың қоғамда белсенді болуына, өзін-өзі дамытуына зор үлес қосып келеді. Репертуары қазақтың халық әндеріне, патриоттық және лирикалық әндерге бай.
ӘСЕМ ХАСЕНОВА – «ГАУҺАРТАС» ХАЛЫҚТЫҚ ХОРЫНЫҢ МҮШЕСІ
Үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз. Қаншама қалаларға барып, байқауларда жүлделі орындарды алып жүрмыз. Ұжымымыз өте тату. Біздің ұжымды басқаратын Ермек Баяшев деген ағамыз, өте мықты білімді, жоғары тәжірибесі бар маман. Өте қуаныштымын мен бірнеше жылдан бері осы ұжыммен жұмыс істеп жатқанымызға классикалық түрде лирикалық әртүрлі жанырда біз хорымызбен айтамыз.
Мерейтой аясында мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, хор ұжымының өткен жолы, жетістіктері мен шығармашылық сәттері қамтылды. Концертке өңірдің өнер майталмандары, мәдениет қызметкерлері, әріптес, серіктес ұйымдар мен көрермен қауым қатысты.
ҒАЗИЗХАН ӘДІЛХАНОВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІ, КИНОРЕЖИССЕР
Енді сол Гауһартас халықтық қорының 20 жылдығы дегеннен кейін арнайы біз құттықтап келіп отырмыз Алматы қаласынан. Бүгінгі Гауһартас халықтық қорына үлкен творчестволық табыс тілеймін. Семей деген өнердің ордасы ғой, бүкіл Алаш арыстарының жүрген жері. Сол кісілерідің ізі қалған жер, қасиетті жер. Сондықтанда Семейліктер әрқашанда биіктен көріне берсін. Гауһартастың бүкіл әлемге дауыстары шырқала берсін, аман-есен болсын.
Ұжым мүшелерінің көпшілігі көру мүмкіндігі шектеулі, бірақ өнерге деген махаббаты шексіз жандар. Әрбір ән олардың ішкі әлемінің сәулесіндей.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА