Балалар жазатайым оқиғаға көшеде емес, үйде жиі тап болады. Ашық терезенің арты үлкен қауіпке әлкелуі мүмкін. Жақында Абай облысында тағы бір бала терезеден құлады. Мұндай оқыс оқиғаларға балалардың бақылаусыз қалуы, қарапайым қауіпсіздік шаралары себеп. Жаздың аптап ыстығында ашық тұрғын терезе көп. Бірақ қауіпсіздік торлары саусақпен санарлықтай. Ескертулерге қарамастан балалардың терезеден құлау оқиғалары тоқтамай тұр. Соңғы 3 жылдың өзінде облыста 34 бала терезеден құлаған. 4 бүлдіршін мерт болды. Ал биыл биіктен құлаған 5 бала ауруханаға жеткізілді. Облыс әкімі аппарат мәжілісінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың сылбырлығын атап өтті.
БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Балалардың қауіпсіздігі туралы тапсырма берген болатынмын, алайда құқық қорғау органдарынан түсіп жатқан хабаларламаларына сүйенсек, тапсырма тиісті дәрежеде атқарылмай отыр. 28 маусым Семей қаласында Қарағайлы ықшам ауданында 9-қабатты үйдің, 2-ші қабатынан 2024 жылғы бала қараусыз қалып, терезден құлаған.
Терезеден көбінесе екіден бес жасқа дейінгі балалар құлайды. Бұл жастағылар оң-солын әлі тани қоймаған, қорқуды білмейді. Әрі бір орында отыра қоймайтын шапшаң келеді. Олар икемді болғандықтан терезеге ебін тауып шығып кетеді. Ата-аналар сеніп жүрген москит торы керісінше ең қауіпті құралға айналды.
НҰРСҰЛТАН АЛДОҢҒАРОВ – ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЕСКЕРТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Ең маңызды қателік-балаларды қараусыз қалдыру. москит торлары, бұл жалған қорғаныс, балалар оны тірек ретінде қабылдайды және көп жағдайда балалар оған сүйенетіндіктен құлап кетеді. Екінші, бұл, әрине, пәтерлердің дайындығы нашар, яғни біздің тұрғындардың өздері бекіткіштер, қорғаныс торларын орнатпайды, бұл жазатайым оқиғаларға әкеледі.
Биіктіктен құлаудың бала денсаулығына әкелетін салдары көп. Бүлдіршін аман қалса да, ауыр жарақаттануы мүмкін. Салмақпен биіктен жаншылып құлау нәзік ағза үшін аяусыз соққы.
БОЛАТ ОМАРОВ – ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ
Осы жылдың 7 айында терезелерден, 2-ші қабаттан, 4 -ші қабаттан, 7 -ші және 5 -ші қабаттан құлау жағдайлары болды. Ол балалар бізге өте ауыр жарақаттармен келеді. Негізінен ми шайқалады, аяқ-қолдары сынады, ішкі органдары, мысалы, көкбауыр, бауырына зақым келеді. Осындай ауыр жарақаттар қатар жүреді. Биіктен құлау, бұл үлкен жарақат, тіпті жасына байланысты емес. Бала құлап, жеңіл соққы алуы да мүмкін, немесе керісінше, екінші қабаттан құлап, көп жерлерді сындырады. Мұнда болжау өте қиын.
Облыстағы статистиканы қарасақ, құлаған балалардың 90% - ы Семейдің кішкентай тұрғындары. Мұндай жағдайларды болдырмаудың бір ғана жолы бар, ол ата-аналардың ғана қолында.
КӘРІБАЙ СҰЛТАНОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ата-аналар болып осыған қауіпсіздігін сақтау үшін жұмыс жасауымыз керек. Барлығынан сұрайтыным, осы жағдайды балаларға ескертіп, үйде де, терезелерді, балкондарды сақ болу керек. Соны ескертуді айтамыз.
Ашық терезе қайғылы жағдайға айналмау үшін қарапайым ғана ережелерді ұстану керек. Фиксаторлар, мықты торлар, және ең бастысы ересектердің назары. Қауіпсіздікке кеш болмай тұрып, бүгіннен қадам жасаңыз.
НҰРГҮЛ САДЫҚОВА