Бүгін Абай облысына Ресейдің Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Омбы облысының өкілі Андрей Шпиленко бастаған делегация келді. Бірнеше министрлік өкілдерінен құралған қонақтарды аймақ басшысы Берік Уәли қабылдап, қос тарап екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Оның ішінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық, туризм салалары бар.
Осыдан үш жыл бұрын Орынборда өткен XVIII Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында Абай облысы әкімдігі мен Омбы облысы Үкіметі арасында өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылған болатын. Міне, содан бері тараптар арасындағы байланыс жыл озған сайын жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Екі жақты барыс-келіс көбейіп, алыс-берістің көлемі де артқан. Омбыдан келген мәртебелі меймандармен дидарласуында осыны тілге тиек еткен облыс әкімі екі ел Президенттерінің достықты тереңдете түсуі жолындағы еселі еңбектерін айтып өтті. Нәтижесінде барлық сала бойынша ортақ ымыра, өзара түсіністік бар.
БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
При поддержки Главы государства создаются все необходимые условия для поддержки инвесторов, обеспечивая комфортную среду для ведения бизнеса. Благодаря этому последовательно увеличиваются объемы инвестиций, так в 2024 году российские компании инвестировали в региональную экономику 507 млн. долл. США. По итогам 5 месяцев товарооборот области с Российской Федерацией составил 128,6 млн. долл.
Мемлекет басшысының қолдауымен бизнесті жүргізу үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ете отырып, инвесторларды қолдау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Осының арқасында инвестиция көлемі біртіндеп артып келеді. Мәселен, 2024 жылы ресейлік компаниялар аймақтық экономикаға 507 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Ал, биылғы жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша облыстың Ресей Федерациясымен тауар айналымы 128,6 млн. АҚШ долларын құрады.
Қазір Абай облысында Ресейдің ірі 178 компаниясы табысты жұмыс жасап жатыр. Дегенмен, бұл жолғы сапардың мәні –2 облыс арасындағы байланысты одан әрі дамыта түсу. Барлық бағытта бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендігін білдірген меймандар әсіресе трансшекаралық Ертіс өзенін бірлесе дамытып, туризмді жаңғыртуға мүдделі.
АНДРЕЙ ШПИЛЕНКО – ОМБЫ ОБЛЫСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ (Зам. Председателя Правительства Омской области)
Главное цель уважамые друзья она состоит 3 направлениях. Первое – мы хотим с вами обсудить совместно исползовать Иртыша. Нам важно услышат от бизнеса. Что мы вместе готовый развивать эту замечательную реку. Далее мы привезли собой и хотим обменяться информации об инвестиционнм потенциале наших регионов. И наша большая делегация при вашей поддержки проведет встречи и бизнес познакомиться и обменятся мнениями.
Біздің сапарымыздың басты мақсат 3 бағыттан тұрады. Біріншіден, біз сіздермен бірге Ертісті бірге пайдалануды талқылағымыз келеді. Біз үшін бизнес өкілдерінің де пікірін есту маңызды. Біз бірге осы керемет өзенді дамытуға дайынбыз. Әрі қарай біз екі өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат алмасқымыз келеді. Біздің үлкен делегациямыз Сіздің қолдауыңызбен кездесулер өткізіп, бизнес өкілдерімен танысуға және пікір алмасқысы келеді.
Хош, сонымен Ерке Ерке Ертісті ен жайлаған екі облыс әлемдегі ең ұзын өзеннің өз аумақтарындағы бөлігін бірлесе дамытуға бет бұрмақ. Егер бұл жоба жүзеге асқан жағдайда су жолы қайта жанданып, сауда-экономикалық әрі туризм жағынан әлдеқайда тиімді боларына күмән жоқ.
АНДРЕЙ ШПИЛЕНКО – ОМБЫ ОБЛЫСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ (Зам. Председателя Правительства Омской области)
Если возвращаться к реке то на сегоднящний день малая глубина русло затрудняет навигацию но точно уважамые друзья она станет преградой для развития судоходство. Решение есть. Она в полне реализуемо. Это проведения новых углубительных работ. У нас есть необходимое ресурсы и технические возможности.
Егер өзенге қайта оралатын болсақ, бүгінгі күнге өзеннің таяздығы су жолы арқылы жүруде қиындатады. Соның салдарынан кеме қатынасының дамуына кедергі болады. Бізде шешім бар. Тереңдету жұмыстарын жүргізуге қажетті ресурстарымыз бен техникалық мүмкіндіктеріміз жетерлік.
Аймақ басшысы кездесуде айтылған барлық ұсыныстар назардан тыс қалмайтынын, жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екенін айтты. Кездесу барысында екі өңірдің Ертіс өзенін дамыту және бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға және 2025-2028 жылдарға арналған халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Жоспар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, білім беру мен жастар саясаты, денсаулық сақтау мен спорт, туризм мен цифрландыру бойынша 30-дан астам бағытты қамтиды. Кездесу барысында ресейлік мейман облыс әкімін жыл соңында Омбыда өтетін «Ертіс – достық өзені» атты халықаралық трансшекаралық форумға шақырды.
Ермек Исабаев