Өкінішті әрине, бірақ Абай облысында нашақорлық пен ішімдікке тәуелді 6 мыңнан астам адам ем-дом алуда. Олардың басым көпшілігі, яғни 5 жарым мыңнан астамы алкогольге тәуелділер. Ойнап жүріп от басып, шырмауға түскен жандар қалай емделеді? Қатарға қайта қосыла алады ма? Бұралаң жолда адасқандардың жай – күйі жайында айтайық.
Тәуелділік - бұл алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарды жүйелі түрде қолданудың салдарынан пайда болатын созылмалы ауру. Адамдар алкогольдік немесе есірткі заттарына тәуелді болып қалғанын аңғармай да қалады. Ішімдіксіз, есірткісіз тұра алмайтындар өздерін тәуелдімін деп есептемейді, дейді мамандар. Дерттің де дауасы бар. Мәселен, жыл сайын облыста шамамен 900-ге жуық адам алкоголизмнен, ал 100-ден астам адам нашақорлықтан жазылып шығады.
ШҰҒА МАҚЫШЕВА, ДӘРІГЕР - НАРКОЛОГ
«Маскүнемдіктен... - ...емделіп жатқандар».
Семей қаласының 47 жастағы тұрғыны бір жыл есірткі қолданғаннан кейін өз еркімен емделуге келуге шешім қабылдаған. Оның айтуынша, осындай қысқа уақыттың ішінде-ақ ол тыйым салынған заттарға тәуелді болып, денсаулығына ғана емес, бүкіл өміріне зиян келген.
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Қан айналым жүйесі бұзылады. Жалпы, денсаулық толығымен нашарлайды. Барлық органдар бір уақытта тозады және әлдеқайда тез тозып кетеді. Сондықтан, адам ұзақ өмір сүрмейді. Алдымен тістер зардап шегеді. Мен емделуге бір жыл қолданғаннан кейін келдім. Себебі, бұл заттан өзімнен құтылу мүмкін емес екенін түсіндім».
Тәуелділікті емдеу - ұзақ және бірнеше кезеңнен тұрады. Мұндайда дәрігердің негізгі міндеті – алдымен физикалық тәуелділікті жою. Тәуелділік артқан сайын метаболизм бұзылады, ми зақымдалады. Бұл адамның мінез - құлқына әсер етеді.
ЮРИЙ КОЛЯКО, ДӘРІГЕР - НАРКОЛОГ
«Физикалық тәуелділік - бұл соматикалық көріністер. Яғни, адам алаңдаушылықты, қобалжуды сезінеді. Егер есірткі тәуелділік туралы айтатын болсақ, бұлшықет пен буын аурулары, бас аурулары және тағы басқа болады. Барлық көріністерді қысқа мерзімде басуға болады. Ал психикалық тәуелділік, яғни есірткі немесе алкоголь туралы үнемі ойлар, олар өте ұзақ уақыт бойы сақталады».
Мамандардың айтуынша, өз еркімен күндізгі стационарда 22 күн емделуге болады. Сосын, ерік – жігерің болмаса бәрі бекер. Көбі ем қабылдауға қайта келіп жатады. Өйткені, тәуелділік құрығынан шығу қиын. Қоғамда қуантатын жаңалықтар да бар. Қазір ішімдік тұтынбайтын ауылдар көбейіп келеді. Біздің облыста - Тана мырза және Кожакелді ауылдары, сондай-ақ Зубаир ауылы осы қатарда.
ГЕО: БОРОДУЛИХА АУДАНЫ
ОЙРАТ ЕСЕНЖОЛОВ, ЗУБАИР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Ауылымыздың... - ...кіріп отырмыз».
Абай облысында жастар арасында сауатты сананы қалыптастыру, алкоголизм мен нашақорлықпен күресу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Әрине, тәуелділіктен емделу – күрделі процесс. Қайтадан сау және өмірге қуанышты адам болу үшін көп күш пен уақыт жұмсау қажет. Мықты ерік - жігер мен үлкен сабырлық – жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ