Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Астанамыздың туған күні жақындап келеді. Бұл –мемлекетіміздің дамуы мен болашағының символына айналған әсем қаланың 27-ші мерейлі тойы. Астананың әсем көріністерін суретшілер туындысынан тамашаласақ, сазгерлер әнін арнады. Ақындар да жыр шумағын төгілтті. Соның бірі Ерік Омарғали.
Астанаға барған сапарында Елордаға деген жүрек тербеген әсердің көрінісі осылай жыр болып төгілді. Ақын шабытын беймәлім күйде сезініп, туындаған сезімді өлеңге айналдыра білген.
ЕРІК ОМАРҒАЛИ – АҚЫН
Бұл өлеңнің тарихы да қызық болды. Астананы көріп, қайтарда әсер алмасақ өлең шықпайды ғой, шабыт келмесе. Отырып мың қиналсаңда көк сиямен ақ қағазға ойыңды төге алмайсын. Қайтарда автобусқа отырған кезде. Бір ұйықтап кетіп оянып сонда бір бейнесі көз алдыма келіп, бір құстың бейнесі сияқты келіп, ғайып болып елес сияқты болып көрінді де сол өлең екен. Өлең әртүрлі келеді ғой, мысалы біреуге таңда біреуге кеште. Сонда қайтып келе жатқан кезде ойлар келе бастады. Семейге жеткенше ойымды жаздым, ойыма келгенді, содан кейін үйге келіп жұмыс үстеліме отырып, төгіп жазып тастадым. Енді сол өлеңнің тарихы болды.
Ерік Қайратбекұлы - ақын, жас әдебиеттанушы. Бірнеше республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық жыр мүшайраларының жеңімпазы. Бірнеше өлеңдер жинағы жарық көрген. Оның шығармашылығында поэзияның түрлі қырлары – табиғат, махаббат, азаматтық лирика терең өріс алады.
ЕРІК ОМАРҒАЛИ – АҚЫН
Ақындық әлем ол қаннан беріледі, ананың сүтінен әкенін қанынан, тектен беріледі дейді. Біз енді мүшел жастан, 13 жастан. Жамбыл атамыз айтпақшы домбырамды қолға алдым. Қаламымызды қолға алдық, мүшел жастан.
Семей мен Астана – бір елдің рухани және заманауи бейнесін көресететін қалалар. Астана күні – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен жігер беретін ерекше күн.
ЕРІК ОМАРҒАЛИ – АҚЫН
Семей мен Астананың байланысы дегенде, бұл Алаштың астанасы, руханияттың астанасы. Ал, өзіміздің сарыарқада қасқайып тұрған Астанамыз ол мемлекетімізідің Қазақстанның қазақ елінің астанасы. Сәулетімен, дәулетімен, еліміздің бақ ордасына айналып, әлемді ауызына қаратып тұрған біздің бірден бір мақтаныш бас қаламыз астана. Ал енді біздің Семейіміз ол тарихы терең көркейіп гүлденіп, дами берсін деген тілек айтқым келеді. Қазақ еліне бүкіл халқыма жұртыма еліме алаш жұртына Астана мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, басымыз аман деніміз сау халқымыз бақуатты ғұмыр кешсін. Астанамыз күннен күнге алтын асықтай алшайып әлемді ауызына қаратып, таңғалдырып, тамсандырып тұра берсін демекпін.
Астана – ел жүрегі, ұлт үміті. Жас ақын Ерік Омарғали шығармашылығымен елордамызға деген сүйіспеншілікті, шабыт пен арманды жүректен жеткізе білді. Ақын Астанаға арналған тағы бір өлеңіне сазгер Береке Сләмқұловпен бірге ән жазып, жақында көрермен қауымға ұсынбақ. «Жүгерімсің Астана» туған жерге, тәуелсіз елге, болашаққа сенімнің көркем көрінісі іспетті.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА