Облыста генерал-майор Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өтті. Ауқымды жарысқа еліміздің 18 облысынан 20 команда қатысты. Дзюдодан республикалық турнир әділет генерал-майоры, профессор Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың туғанына 85 жыл толуына арналды. Ол Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосқан мемлекеттік қайраткер. Спорттық сайысқа еліміздің 18 облысынан ең мықты дзюдошылары бас қосып, Қазақстанның ішкі істер органдарының тарихында із қалдырған тұлғаға құрмет көрсетті. Генералды еске алуға арналған турнирдің ашылу салтанатына облыстық полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі, сондай-ақ облыс ПД ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты. Генералдың жары Аймен Қадырова да арнайы келген. Турнир ұрпақтар сабақтастығының және қазақстандық құқық қорғау жүйесінің бастауында тұрған тұлғаға, кәсібіне деген адалдығына, еңбек жолына құрмет көрсетудің үлгісі болды.
МАЛИКА МҰХТАРОВА