Аягөз ауданында ауылшаруашылығы техникалары жаңаруда. Биылдың өзінде аягөздік шаруалар 230 млн. теңгеге 17 техника сатып алған. Осы жылы 29 адам қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтініш берген. Ауданда биыл 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі мәлім етті.


Тоғыз жолдың торабындағы Аягөзге биыл оңтүстік өңірлерден 25 адам көшіп келеді. 14 қандасымыз да осы ауданға қоныс аудармақ. Облыстық бюджеттен бөлінетін қаражатқа 2 мектеп ағымдағы, 3 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. 10 мектептің материалдық - техникалық база жаңарады.


«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен Ақтоғай кенттік округінде 300 орындық мектеп салынады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен ауыл көшелері де жөнделеді.


ДАНИЯР ШӘКӘРІМОВ – АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Айғыз ауылында 3 көше, Ақшатау ауылында 4 көше. Айғыз ауылында 177 млн. теңгеге бөлінген. Ақшатау ауылында 4 көшеге 195 млн. теңге, Баршатас ауылында 3 көше, 180 млн. теңге. Тарбағатай ауылында 6 көшеге 162 млн. теңге бөлініп, биыл мамыр айында бұл жұмыстар басталатын болады.


Аудан бойынша сумен жабдықтау желісі 392 шақырымға жуықтайды. 45 елді мекеннің 41-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қалған 4 ауылдың тұрғындары да таза ауыз су ішетін күні алыс емес.


ДАНИЯР ШӘКӘРІМОВ – АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Олар Аягөз ауданына қарасты Ай ауылы, Қопа, одан кейін Байқошқар, Қорық ауылдарында. Ай мен Қопа ауылдарында биыл мамыр айында суға қосылады деп күтілуде. Мамыр айының аяғында. Мердігерлермен келісіп, сөйлескендей осы айдың аяғында бітеміз деген.


Аягөз ауданында 5-сәуірден сенбіліктер өтуде. Десе де, Аягөз қаласында шашылған қоқыс үйіндісі көп. Тазалықты сақтау мақсатында қоқыс контейнері орнатыла бастады. Бүгінде қаланың әр көшесіне 300 жаңа контейнер қойылған. Алдағы уақытта тағы да 1 470 контейнер қою жоспарда бар.

ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ