Абай театрында «Жеңіске жол» республикалық акциясы аясында «Маэстро» спектаклі сахналанды. Қойылым жерлес майдангер, композитор және қазақтың тұңғыш скрипкашысы Айткеш Толғанбаевқа арналды. «Дариға-ай» жастар театры сахналаған қойылымға оқушылар мен студенттер қатысты.
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйытқы болуымен әзірленген қойылым мәдени оқиға ғана емес, өскелең ұрпақ үшін маңызды тәрбие сабағы болды. Спектакль өнер мен тарихты біріктіріп, жас көрермендерге соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігін паш етті.
БІРЖАН АБДРЕЕВ – АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Биылғы түрде республика бойынша және үлкен шаралар өтіп жатыр. 80-жылдығымызға орай, соның бірі біздің өзіміздің Абай театрымен бірлесе отырып, өздеріңіз білесіздер, 80-жылдықтың бітуіне байланысты. +++ Өзіміздің Семей қаласының ҚР тұңғыш скрипачы, Семей қаласының тумасы, ардагер атамыз туралы біз биыл қойылым қойып отырмыз.
Спектакльде Айткеш Толғанбаевтың өмірінің өзгеше тұстары баяндалады. Қойылым көрермендердің көңілінен шығып, Отан, парыз және өткенге құрмет сынды адами құндылықтарға ерекше әсер еткенін мойындады.
АМАНГЕЛДІ БАХТИНОВ – ДИРЕКТОР ТЕАТРА ИМЕНИ АБАЯ
Бұл шығарманың мақсаты – қазіргі жас ұрпақ, кешегі қан майданда ел үшін, жер үшін, ұлт үшін, ұрпақ үшін күрескен ата-бабаларымызды қазіргі жасұрпақ өкінішке қарай, ұмытып бара жатыр. Осыған баланысты біз осы шараны өткізіп отырмыз. Жасұрпаққа тәлім-тәрбие болсын, өткенін ұмытпасын деген мақсатпен үлкен шараны осы 2 мекеме бірігіп өткізіп отырмыз 80-жылдықтың қарсаңында.
Мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері батырларды еске алуға келді. Жастар сахнада болып жатқан оқиғаларды қызығушылықпен бақылап, кейін өз әсерлерімен бөлісті.
ЖАЛҒАСЫМ ДӘУЛЕТҰЛЫ – СТУДЕНТ
Мен бұл спектакльдан үлкен сабақ алдым деп ойлаймын, өте жақсы спектакль болып жатыр. Бұның өзінің болашағына, арманына ойлауға болады және нақты қадам жасауға болады. Мен осы спектакльден осындай ой жасадым.
АЛТЫНАЙ СЕРІКҚАЛИЕВА – СТУДЕНТ
Біз осы спектакльде Айткеш Толғанбаевтың өмірбаяны жайлы білдік, әр-түрлі ерліктері жайында білдік, жалпы бізге, қазіргі жастарға, осы жеңістің 80-жылдығына байланысты, осыған орай, әр-түрлі осындай форматтағы спектакльдерді көрсету, біз үшін өте маңызды, яғни біз өзіміздің патриоттық тәрбиемізді дамытып, үлкен сабақ алып жатырмыз.
"Жеңіске жол" патриоттық акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасуда. Ол тарихты жаңғыртып, жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар батырларымызды білу, болашаққа сенімді күшейтеді дейді.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА