Таскескенге барған әкім сенбілікке ғана қатысып қайтқан жоқ. Қарақолдан бастап Шолпан, Таскескен ауылдарының әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралады. Әрқайсына арнайы ат басын бұрып, олардың қандай хәлде екеніне көз жеткізді. Ауыл тұрғындарының ортасынан табылып, олардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Осы өңірдің басты мәселесіне айналған – Қарақол су қоймасының жайы да назардан тыс қалмады.

Аймақ басшысы аралаған ауылдарда мектеп жұмыс жасап, дәрігерлік амбулаториялар халыққа қызмет көрсетіп тұр. Дегенмен өткен ғасырда салынған ескі ғимараттардың ішінара кетеуі кете бастаған. Бірінің шатыры, бірінің кәріз, бірінің жылу жүйесін ауыстыратын уақыт жеткен. Олар жөндеу көрмеді емес, көрді. Дегенмен, тозбайтын дүние болмайды. Елді елеңдеткен ең үлкен мәселе ол емес. Мәселе - басқада.


Тағы айтатын мына платина 40 жыл болды ғой.Біздің ауыл малмен ғана отыр.00:08+00:00 Бізге су жетпейді. Сол халық үшін платинаны дұрыстаса. Су болса бәрі болады ғой.Су болса халықтың бәрі болады.


Бастауын су қоймасынан алатын Қарақол өзенінің бойында 5 мыңнан аса халық отыр. Күнделікті күн көрісі де осы қара суға қарап тұр. Таскескен Шолпан, Қарақол, Сағат ауылдары тұрғындарының бүгінгі арманы су қоймасының құрылысы қайта жанданса, дейді. Аймақ басшысы бұл мәселе бойынша еліміздің Су ресурстары және ирригация министрімен тиісті келісімге келгенін айтып, елді бір қуантты.

БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ



БЕРІК УӘЛИ – АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бізге Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов келіп кетті. Кездестік. Олардан ана Азия даму банкі арқылы 1 млрд үстінде қаржы беріп отыр. Соған біздегі платиналарды жаңғырту, су тоғандарын, каналдарды жасау бойынша ақша бөлініп жатыр. Соған енді біздің облыс ауылшаруашылығы облысы ғой,мал шаруашылығы. Соған енді өзіміздің де заявкелерімізді беретін болдық. Келістік. Сол бағыттағы жұмысты жасауымыз керек.


Елдің ұзақ жылдан бері айтып жүрген су қоймасы – Таскескен ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан. Сай-сайды қуалай аққан су құрылысы 1986 басталып аяқсыз қалған платинаға келіп құйылады. Сыйымдылығы шамамен 55 млн текше метрге дейін жететін су қоймасы іске қосылса өңірдегі суармалы жердің көлемі 6 жарым мың гектарға дейін ұлғаятын болады. Қабырғасы көтеріліп, канал, су өткізгіш құрылғылары салынған құрылыс қазір тоқтап тұр.


АЙНҰР АҚМЫРЗА, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Тоқтаған құрылыс жұмыстары 2010 жылы ары қарай жалғастырылғанымен, жобалық-сметалық құжаттаманың ескіруіне байланысты жобаны жүзеге асыру мүмкін болмады. Бүгінде ол аяқталмаған құрылыс нысаны болып отыр. Тапсырыс беруші – су ресрустары комитеті. Бүгінде жобалық-сматалық құжаттама үшін 236 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді Ориентировочно Құрылысты жүргізу мерзімі 2026-2027 жылдарға мөлшерленіп отыр. Сол жылдары су қоймасы салынып, халыққа су беріле бастайды.


Әзірге транзиттік режимде ғана жұмыс жасап тұрған гидронысан «Қазсушар» мекемесінің балансында. Жоба Үкімет қаулысымен бекітілген су саласын дамытуға бағытталған республикалық жоспарға кіреді. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандардағы өзекті мәселелерге ден қойған облыс әкімі басқарма басшылары мен аудан әкіміне нақты тапсырмалар жүктеп, оның шешілу жолдарына барлық күш-жігерді жұмсау керектігін айтты.

Ермек Исабаев