Елімізде балық шаруашылығын дамыту үшін маңызды қадамдар жасалуда. Анығын айтқанда, енді бұл сала да субсидияланады. Субсидия көлемі атқарылған жұмыстарға байланысты 25-тен 50 пайызға дейін жетеді. Семей балық инспекциясының мамандары осылай деп отыр. Сондай-ақ, сәуірдің 16 –нан мамырдың 31-не дейін Ертіс бассейніне қарасты су айдындарында уылдырық шашу мерзіміне сәйкес балық аулауға тыйым салынды.

Балық өсіріп баюға болады. Өзен жағалағанның өзегі талмайтынын енді анық сезінуге мүмкіндік бар. Елімізде балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялау тетігі енгізілді. Бұл сала ынталандырып, өңделген балық өнімдері көлемін ұлғайтуға бағытталған.


НҰРБОЛАТ МҰҚЫШЕВ, СЕМЕЙ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Қазір шаруашылықтар балық субъектілері инвестиция жасап, техника мен жабдықтарға шығындар кетсе 25 пайыз субсидия береді. Алған балық тұқымы мен аналық тұқымын өсіру үшін 50 пайыз субсидия алу жағдайлары бар. Балық өсірудің биологиялық сараптамасы үшін шығындар 50 пайызға алу мүмкіншілігі бар. Ал енді азық қорын сатып алса, шығын кетсе 30 пайыз субсидия алады.


Тиісті органдар осы арқылы тауарлы балық шаруашылығын дамытып, ішкі сұранысты қанағаттандыруды көздейді. Сондай-ақ, басқа да су жануарларын қорғау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету, саланы ғылыми және қадрлық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды. Тіптен жеңілдетілген несие беру де қарастырылған. Алайда белгілі-бір талаптары бар.


НҰРБОЛАТ МҰҚЫШЕВ, СЕМЕЙ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Ол 25 тоннадан жылына тауарлы балық өсіретін балық субъектілері мен күніне 1000 тоннадан кем емес тауарлы балық өнімін өндіретін балық субъектілерін 2,5 пайызбен 10 жылға 5 млрд. теңгеге дейін алуға мүмкіндік бар.


НҰРБОЛАТ МҰҚЫШЕВ, СЕМЕЙ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
ҚР Әкімшілік Кодексінің 383 бабы 1 бөлігіне сәйкес 5АЕК 19660 теңгеге айыппұл салынады. Ал енді тыйым салынған құралдармен құқық бұзушылық анықталса, онда 20 АЕК 78600 теңге айыппұл салынады.


Егер құқық бұзушының балық қорына әкелген шығыны 100 АЕК асса, ол қылмыстық жазаға тартылады. Семей балық инспекциясы былтыр 102 заңсыз балық аулау фактісін анықтап, 2 млн 200 мың теңге айып салды. 1 млн 800 мың теңге залал шығыны өндірілген. Биылғы жылдың алғашқы 3 айында заң бұзған 40 адам 850 мың теңге айыппұл арқалаған.

Ермек Исабаев