«Жарма өңірінің ақын-жазушылары». Абай атындағы кітапханада зерттеуші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Иманжапардың рухани мазмұны терең «Семей өңірінің ақын-жазушылары» сериясы аясында 3 томдық кітаптың тұсаукесері өтті.

Жарма жері сөз зергеріне бай. Олардың әдеби мұрасын болашақ ұрпаққа жинақтап табыстау, жас ұрпақты қазақ әдебиетінің рухани әлеміне жетелеу үшін қолға алынған жинақ көпшілікке таныстырылды.

Тұсаукесерге Жарма ауданынан арнайы келген делегация, өңірдің зиялы қауымы, студенттер, Мұрат Иманжапардың шәкірттері қатысты. Жиналған қауымға рухани серпін сыйлаған бұл кеште Жарма өңірінен шыққан белгілі ақын, жазушылардың өмірі мен өнер жолын кеңінен таныстыратын үш томдық жинақтың мазмұны мен маңыздылығына тоқталды.

Бұл кеш- ұлттық әдебиетімізге деген құрметтің, рухани мұрамызды ұлықтаудың жарқын көрінісі болды. «Жарма өңірінің ақын-жазушылары» жинағы- келешек ұрпақ үшін бағалы мұра.

АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА