Мемлекет басшысы ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін атап өтуді ұсынғаны естеріңізде болар. Енді жыл сайын 23-сәуірде кітаптар көрмесі, ақын-жазушылармен кездесулер өтіп, оқу марафондары ұйымдастырылады. Бүгін №4 арнайы мектеп-интернатында атаулы күнге арналған іс-шара өтті.


Кітапқа деген сүйіспеншілік – мектеп қабырғасында жүріп үйренуге болатын жақсы қасиет. Әлемнің көптеген елдерінде ұзақ уақыт бойы кітап пен оқу күні атап өтілді. Бұл мереке енді Қазақстанда да бар. №4 арнайы мектеп-интернатында оқушылардың кітапханамен виртуалды танысуы өтіп, оларға кітаптардың пайда болу тарихы айтылды.


.СВЕТЛАНА РЕЗНИКОВА – ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІ №2 ФИЛИАЛЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Іс-шараның мақсаты - ақпараттық мәдениетті арттыру және Қазақстандық баспалар шығарған ұлттық кітаппен танысу. 00:42. +++ 00:56. Біз балаларды виртуалды кітапхана арқылы таныстырамыз және кітап туралы, кітаптың тарихы туралы және басқа форматта шыққан жаңа кітаптармен таныстырамыз. Мысалы, форматтар: алып кітаптар, миниатюралық кітаптар, QR кодтары бар кітаптар, дискілердегі кітаптар және тағы басқалар. 
Балаларға кітаптың әлемдегі барлық білімнің бастауы екенін көрсету маңызды болды. Тіпті, технологияның дамығанына қарамастан, ғаламтордан табу мүмкін емес көптеген ақпарат бар. Ғаламтор бұл - виртуалды кітапхана. Онда кітаптардан алынған дерек көп. Оқушыларға дәл осы ойды жеткізу және олардың санасында кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру қажет болды.


ОЛЬГА ПРИМАК - №4 МЕКТЕП - ИНТЕРНАТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 іс-шара ұлттық кітап күніне орайластырылған. Бұл біздің балаларымыз үшін, қазіргі уақыт үшін қажетті деп ойламын. Өкінішке қарай, қазір балалар өте аз оқиды. Біздің серіктестер балаларды жаңа кітаптар көрмесімен таныстырды. Олар өздерінің кітапханалары туралы өте қызықты жайттар айтты. Менің ойымша, бұл біздің балаларымызға кітапты жақсы көруге, көбірек оқуға және кітаптың білім көзі екенін ұмытпауға көмектеседі. 


Балалар кітапхана ұсынған кітаптарды қызығушылықпен қарады. Оларға кьюар код сканерлеу арқылы кітапхана қорынан мәліметтерді қалай оқуға болатынын көрсетті. Балалар жас оқырман қатарын толықтыруға ниетті.

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА