Абай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілуде. Өңірде есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алумен айналысатын арнайы кеңес құрылды. Ұйым халықпен бақылауды күшейту және ақпараттандыру, есірткі айналымына қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алумен айналысады.

Алғашқы отырыс Абай облыстық Полиция департаментінде өтті. Жиынға өңір спортшылары, журналистер мен блогерлер, дәрігерлер мен кәсіпкерлер, сондай-ақ белсенді азаматтар қатысты. Кездесуде әсіресе жасөспірімдердің ерте жастан есірткіге әуестену мәселесіне, ақпараттық қауіпсіздікке және интернет кеңістігінде есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл жолдарына баса назар аударылды.

Полиция қызметкерлері кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Отырыс барысында алдын алу жұмысын күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Отырыс қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Кездесу соңында Кеңес мүшелеріне есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарына қатысатындарын растайтын арнайы куәліктер табысталды.

АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА