Қаламыздағы алғашқы сенбілік өзгеше. Бір аулаға аниматорлар келсе, енді бірінде квест ұйымдастырылды. Тазалық науқанына жастар жағы да қызыға қатысты. Мамай батыр, 92 тұрғын үйін мысалға алған тілшіміз Алина Азбергенді тыңдайық.


Мамай батыр көшесі, 92 мекенжайындағы көп қабатты үйдің ауласында сенбілік. Тұрғындар ауласын жинап, еріктілер белсене қатысты. Өнерпаздар көше жинауға шыққандардың көңілін серпілтіп, ауланы думанға бөледі. Тұрғындар өздері тұрып жатқан аумақтың тазалығына жауапты болудың, бірлесе еңбек етудің үлгісін көрсетті.


АЙБЕК ҒАПУОВ – СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Бұл шарамыз қала әкімінің бастауымен еріктілермен бірлесе отырып ұйымдастырылған. Жалпы осы бағыттағы шараларымыз сенбі сайын жалғасын таба береді. Одан бөлек КСК ОСИ дегеніміз бар оларға да ақпарат берілген айтылған. Тек әкімдік тарапынан емес, тұрғындар тарапынан, ОСИ тарапынан осындай шараларды белсенді ұйымдастыруға шақырамыз. Құрал жабдықтар енді негізінен барлық тұрғын үйілерде өздерінің құрал жабдықтары бар. Алайда қосымша қаптарымызды, қолға киетін қолғаптарымызды қосымша беріліп, еріктілер тарапынан әкімдік тарапынан қамтамасыз етілген.


Қыстан кейінгі қала келбеті нашар. Шашылған қоқыстан көз сүрінеді. Волонтер жастардың ұйымдары Таза Қазақстан акциясына қатысып, тазалыққа ат салысуда. Олардың бұл бастамасы өзге жастарға да үлгі болып, қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылықты арттыратыны сөзсіз.


АХМАДИ БЕРГЕНОВ – «СОЦKZ» ҚҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
"Бүгін біз, қаланың жергілікті тұрғындары әлеуметтік жағынан танымал қоғамдық қордың еріктілері "Таза Қазақстан"эко-акциясына шықтық. Біз қаланы тазалаймыз деп шештік. Әр апта сайын сенбіде қалалық сенбіліктер өтеді. Біз оларға белсенді қатысатын боламыз. Бұл акцияның басты мақсаты-қалаға, қала тұрғындарына экологиялық мәдениетті қалыптастыру және сіңіру. Сондай-ақ, біз қаланың әрбір тұрғынын осы акцияға шақырғымыз келеді, өйткені таза Қазақстан алдымен өзіңнен басталады.


Жастармен қатар қарияларымыз да сенбіліктен шет қалмады. Қоқыс жинап, тұрғындарды ауланың тазалығын сақтау мен қоршаған ортаны ластамауға шақырды.


ЖҰМАБЕК САРЫБАСОВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Халыққа деген менің өзімнің тілеуім өте зор. Аманшылық болса екен, бейбітшілік болса екен және де ұйымшыл болып, бір кісідей осы аула біздің үйіміз сияқты ғой бұл ауланы таза ұстау біздің борышымыз. Және де біз болашаққа осының бәрін насихаттап ылғи жақсы өмірде жүруге талпынамыз
Айналаның тазалығы денсаулық, салауатты өмір. Осыған үндеген сенбілік мәдени бағдарлама, сыйлықтарымен ерекшеленді.

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА