Айналаңыз тап-тұйнақтай таза тұрғанға не жетсін. Осындай ниеттегі семейліктер өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, қаланы қоқыстан тазартуға кірісті. Экологияға бей-жай қарамайтын жерлестерімізбен тілшіміз таныстырады.

Бөгенбайұлы 38 үйінің тұрғындары өз есебінен қоқыс шығаруды ұйымдастырып, сенбілік өткізді. Бұл облыс әкімі Берік Уәлидің қаланы таза ұстау туралы үндеуіне кері байланыс. Үй тұрғындары ортақ күш-жігерімен ауланы тазалап, балалар ойнайтын орынды ретке келтірді, ал ересектер бұл жерде кешке демалып, серуендейді. Кішкентай балалар сенбіліктен шет қалмады.


ГҮЛЖАНАТ ТОҚЕЕВА-ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Біз өз күшімізбен үйімізді үлгілі қылып ұстауға тырысамыз. Таңертеңнен бері олар біздің ауланы толығымен тазартты. Мен тазалыққа Абай, Шәкәрім сияқты ұлылар туған қаламыздың барлық тұрғындарын шақырамын. Бұл біздің қаламыз, бұл біздің абыройымыз. Менің ойымша, біздің Қазақстанның абыройы. Сондықтан, бәріміз қаламыздың тазалығын сақтайық.


ДИНАРА МЕҢЛІБАЕВА-ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Біз барлық қоқыстарды өз қолымызбен шығардық. Әрқашан ауламыздағы тәртіпті, тазалықты сақтаймыз. Барлық қала тұрғындарын өз аулаларында сенбілік өткізуге шақырамыз. Біз өзіміз сенбілікке шығамыз, балаларымызды ертіп шығамыз. Біз жұмысқа, тәртіпке үйренеміз. Біздің балалар ересек ұрпақтан үйренсін.


"Балкон" деп аталатын жастар арасында танымал орын осы. Бұл Ертіс өзені мен Семей қаласын тамашалауға таптырмас жер. Көріп отырғаныңыздай, бұл жердің тазалығы көңілге қаяу түсіреді. Күн сайын таңғы 6-да блогер Кербез бұл жерді қоқыстан тазарту үшін келеді.


КЕРБЕЗ ЕГИНБАЕВА – БЛОГЕР
Ойыма табиғатқа қалай пайдамды тигізе аламын деген сұрақ келіп, сол сұраққа ойланып отырған кезде, сол смотровая площадкаға ойлануға барып қайтатын жерім менің. Сол жерде отырып астыға қарасам – жан-жақтағы көріністің бәрі әдемі, ал астының барлығы қоқыс болып жатыр. Осы жерге қаншама адам келеді, мынау керемет мүмкіндік екен, күнделікті осы жерге таңғы 6-да жұмысқа барғандай тұрақты жинап отырсам 1 айдың шамасында бітіретін шығармын деп бастап кеттім. Бүгін 3 күн болды қатарынан таңғы 6-да барып жүргеніме.


Қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын осындай тұрғындар игілікті істі бірге атқаруда.

АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА