М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Алаштың білім ордасы - Семей мұғалімдер семинариясының түлегі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Жүсіпбек мұрасы-ел қазынасы» семинар-практикум өтті. Біздің түсірілім тобы да осы іс-шараға қатысып келді.

М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығын атап өтті. Жүсіпбек Аймауытов - көп жанрлы жазушы, қазақ тіліндегі драма мен роман жанрының негізін қалаушы, ғалым, ағартушы, педагог, психолог. "Тәрбиеге көмекші", "Психология", "Жан жүйесі және өнер таңдау" оқулықтарының авторы. Колледж директоры Шағангүл Жанаева қонақтарға шағын экскурсия ұйымдастырып, жазушының өмірі мен шығармашылық жолын әңгімеледі. Шығармаларының тәрбиелік мәнін айтып берді.

ШАҒАНГҮЛ ЖАНАЕВА- М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ
Семинар практикумның мақсаты, Жүсіпбек Аймауытовтың сан қырлы, сан салалы шығармашылық еңбегін өмірін, күрескелік қайраткелік қызметін, жұмысын, болмысын жалпы азаматтық тұлғалы ұлағаттау арқылы жастар арасында насиаттау. Міне, осы тұрғыда біршама әртүрлі форматтағы тәрбиелік жұмыстар ұйымдастырылып отыр. Семинар практикумның барысында, бұл жұмыстардың бәрі қатысушылардың назарына ұсылмақ

Семинарға Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан қазақ әдебиетінің оқытушылары қатысты. Сондай-ақ, Павлодардан Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің педагогы Айман Зейнулина келіп "Ж.Аймауытов шығармаларын оқудың мазмұны" тақырыбында дәріс оқып, ұлы тұлғаның көп қырлы шығармашылығы туралы баяндады

АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА- ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР, ДОЦЕНТ
Осы колледжге президент келген екен, білім министрі келген. Яғни осы жерге келіп, танып, елді мына бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау мүмкіндігі туып отыр. Ендігі жұмыс осы колледждің ішіндегі үкен тарихты болашаққа жеткізу үшін қолдау жасап отыру керек. Сондықтан бүгінгі колледждің ішіндегі тірі тарихты , өткен тарих пен бүгінгі тариты сабақтастыра отырып, мұрағат ретінде тану мүмкіндігі туып отыр. Менің бір кішкентай дәрісім- бұлда ертеңгі колледждің тарихына жазылатын бір дүние деп ойлаймын

Колледж студенттері компьютерлік бағдарламалар арқылы дайындалған анимациялық жұмыстар, қабырға газеттері, ертегілер мен жұмбақтар,сондай-ақ, "Қартқожа бейнесі - ұлт тағдыры", "Ж.Аймауытов және балалар әдебиеті", "Сөз жампозы-Жүсіпбек" және т. б. тақырыптық жұмыстар ұйымдастырды. Студенттер жазушының шығармашылығына ерекше қызығушылық танытты. Олардың Жүсіпбек Аймауытовтың асыл мұрасынан алар тәлім-тәрбиесі өте зор.


АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА