Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Осыған орай, Достық үйінде ауған соғысының ардагерлері дөңгелек үстелде бас қосып, бастарынан өткен оқиғалармен бөлісті. Жиында жыл бойы өткізілетін шаралар, азаматтарға арналған жеңілдіктерге қатысты мәселелер талқыланды. Толығырақ алдағы сюжетте.
Ардагерлер ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қойып, жат жерде қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. 1979 жылы Кеңес әскерінің қатарындағы сарбаздар интернационалдық борышын өтеу үшін Ауғанстан жеріне аттанған болатын. Сол сәтте қазақ даласынан 22 мыңға жуық азамат Ауғанстанға барып, 900 сарбаз майдан даласында қаза тапса, 20-сы хабар ошарсыз кеткен. Содан бері 35 жыл өтті. Қазақстан халық партиясының ұйымдастырумен өткен шара осы айтулы күнге арналған. Жиын барысында ауған соғысының ардагерлері бастарынан өткен оқиғалармен бөлісті. Сондай-ақ, жас буын өкілдері жиналғандарға ән арнап, жылы лебіздерін білдірді.
ИНТЕРШУМ: ӘН АЙТАДЫ ГИТАРАМЕН
АЙДЫН ЕГЕУБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Абай облысындағы ауған соғысы ардагерлерін жинап, дөңгелек үстел өткізейік, қандай мәселелері бар, халық партиясы болғаннан кейін бұл кісілердің ұсыныстары болады, ертең сол ұсыныстарын Парламентте бізде депутаттар бар, фракция бар, соларға жеткізейік деген мақсатта бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Совет Одағының кезіндегі Жарлықпенен бұл азаматтар соғыс аймағынан шығарылған болатын. Соның аясында биыл 35 жыл толып отыр. Соны ары қарай дәріптейік, насихаттайық, жастарымызға үлгі болсын үлкен тұлғаларымызға, Отанды қалай қорғау керек қан майданда бұл кісілердің бастарынан не өткізді соны талқылайық деген мақсатта жиналып отырмыз.
Қазіргі таңда Абай облысы бойынша 660, ал Семей қаласында 400 ауған соғысының ардагері бар. Барлығы да бүгінде мемлекет тарапынан жеңілдіктер алып отыр. Дегенмен, әлеуметтік қолдау мен тұрғын үй мәселесі әлі де өзекті.
БОРАНБАЙ БЕГАТОВ – «АБАЙ ОБЛЫСЫ АУҒАНСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ СОҒЫСТАРДЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бізде ең шешілмей жатқан мәселе біздің ауған соғысы ардагерлердің мәртебесі шешілмей қалды. Сол мәртебесін қазір жазып жатырмыз, айтып жатырмыз. Сол мәртебесін шешіп, бізге беріліп жатқан жеңілдіктер кішкене кемшілік 20-шы жылдар кірген ардагерлер заңында біраз соған өзгерістер енгізссек деген мәселелерді талқылап, айтып өтеміз. Сол мәселелер шешілсе, әрине біздің қарулас жолдастарымызға жеңіл болады деп ойлаймыз.
Жиын барысында ардагерлер Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған болашақ іс-шаралардың барысын талқылады.
АСЛАН ЕРТІСБАЕВ