Бүгінде Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы достық, тату көршілік және мәңгілік стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы іргелес ел Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге Қазақ¬стан мен Қытай арасындағы ынтымақ¬тастықтың жаңа «алтын отыз жыл¬дығына» қадам басты. Бұл жолда Абай облысы да көршілес елмен тығыз қарым-қатынастар орнатуда. Екі елдің арасындағы байланыс бұрынғыдан да дами түспек.

Екі ел арасында мазмұнды келіссөздер жүргізіліп, маңызды келсімшарттарға қол қойылды. Оны жүзеге асырудың нақты жолдары айқындалды. Президент өз сөзінде Қазақ-Қытай қатынастары көпке үлгі екендігін айтты. Ол елімізде Қытайға қатысты баяғы қасаң түсініктерге негізделген немесе бізге сырттан таңылған жөнсіз үрей болмау керектігін жеткізді. Қазіргі Қытай – өте жоғары дамыған, озық технологияда зор табысқа жеткен, таңқалдырып отырған мемлекет. Мұны бүкіл әлем мо¬йындап отыр.

Қытай көшбасшысымен Сианьда және Бейжіңде мазмұнды келіссөздер жүргізіп, маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Оны жүзеге асырудың нақты жолдарын белгіледік. Осындай жеке жүздесулер Астана мен Бейжің¬нің байланыстары жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бүгінде қазақ-қытай қатынастары көпке үлгі болып отыр деп сеніммен айта аламын. Екі елдің өзара тауар айналымы жыл санап артып келеді. Оның көлемі 2023 жылдың 10 айдағы қорытындысы бо¬йынша 24,3 миллиард долларға жетті. Бұл – жаңа рекорд! Қазір экспорт¬қа шығарылатын отандық тауар түрлерін көбейтіп, ҚХР-ға жүк та¬сы¬малын арттыру үшін белсене жұмыс істеп жатырмыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан мен Қытай арасында виза¬сыз жүру режімі күшіне енді. Мұ¬ның мәні зор екенін атап өтті Президент. Енді отандастарымыз көрші елге емін-еркін барып, келе алатынын айтады. Азаматтарымыз осы мүмкін¬дікті оңтайлы пайдаланады деген үміт бар.

ДАРХАН САҒЫМБЕКОВ – КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл Қазақстандағы және Қытай арасындағы тауар айналымын үлкейтуге оң әсерін тигізеді. Еліміздегі кәсіпорындардың өз саудасын Қытайда жүргізуге және Қытайлық кәсіпорындардың Қазақстандағы саудасын жүргізуге нақты көмегін тигізеді

Қытайдың мүмкіндігін қазір тұрғындар да жақсы біледі.

 АҒА – ҚАЗАҚША

Қытаймен байланысқа қарсы емеспіз құдайға шүкір халық сауда саттығын жасап жатыр, құдайға шүкір жаман болады деп ойламаймын

Ақерке Геминлай Қытайдан оралған қандас. 2007 жылы отбасымен елге қоныс аударған. Туыстары Қытай елінде тұратындықтан ол жаққа жиі қатынайды. Екі ел арасындағы байланыс дамып, визасыз барып-келуге болатынын құптайды.

АҚЕРКЕ ГЕМИНЛАЙ - ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН ҚАНДАС
Қытай Халық Республикасынан 2007 жылы Қазақстанға қоңыс аудардық. Біз қазіргі таңда туыстарды көруге және де техникалар алуға барамыз. Қазіргі Қытайда озық техника дамыған заман. Сол үшін біз арасында барып тұрамыз. Негізі жақсы

Қытай елімен байланысты Абай өңірі де дамыта түсті. Облыс басшылығы былтыр Қытай Халық Республикасы өкілдерімен бірнеше кездесу ұйымдастырды. Бүгінде көршілес мемлекетпен 9,1 млрд.теңгеге – инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Қазақстандық инвестор қаражатына ҚХР шекара маңында «құрғақ порт», «логистикалық парк» құрылатын болады. Сонымен қатар көлік дәліздерін кеңейту үшін Аягөз-Бақты-Тачэн бағыты бойынша теміржол құрылысы басталды. Бұл жобаға Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» атты үшінші форум аясында қол қойылған еді.

ДАРХАН САҒЫМБЕКОВ – КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
NFC кәсіпорны мен KAZ Minerals компаниясы бірігіп құрған кәсіпорны 2 млрд АҚШ долларынан асатын мыс балқыту зауытын салу жоспарда тұр. Сонымен қатар Синьсин компаниясы облыс аумағында «Қалбатау-Майқапшағай» жолдарын салу жүзеге асырылуда

Абай облысының бірқатар кәсіпорындары қытайлық компаниялармен ынтымақтастыққа дайын. Екі елдің арасында қарым-қатынас күшейсе, өңірдің экономикасына жаңа серпіліс әкелмек.


АРУЖАН ТАУБЕКОВА