Есірткіге тәуелділер көбейді. Тіпті бұл тізімдегілердің арасында жасөспірімдер мен әйелдер де бар. ҚР Ішкі істер министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазір Қазақстанда 18 мыңнан аса адам нашақорлыққа шалдыққан.
ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ақпартына сәйкес, Қазақстанда 18 мыңнан аса адам есірткіге тәуелді. Оның 1500-і әйел адам болса, 100-і жасөспірімдер. Бала кезден теріс әдетке ұрынғандардың қатары бұл ресми саннан да көп болуы да мүмкін. Мамандар соңғы кездері есірткінің құрығына түскендер санының артып бара жатқанына алаудаулы.
ЮРИЙ КОЛЯКО – ДӘРІГЕР НАРКОЛОГ
Соңғы уақытта есірткіге тәуелділер көбеюде деп айтуға болады. Соның ішінде синтетикалық нашақорлық стимуляторлар, психостимуляторлар, синтетикалық катинол деп аталатын есірткілер пайда бола бастады. Сондай-ақ классикалық опиоидтар, героин және мак сияқты есіркілерді де жиі қолданып жатады. Себептер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ көбінесе науқастар жас кезінен бастап қолдана бастайды.
Нашақорлықтан айырыла алмай жүргендердің бірі 42 жастағы Евгений. Ол алғаш рет есірткіні 13 жасында қабылдаған. Осы уақытқа дейін бірнеше рет ем алған, алайда уақыт өте келе тәуелділігіне қайта оралатындығын жеткізді. Қазір Семей қаласындағы наркодиспансерде қайта ем алуда.
ЕВГЕНИЙ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен ерте жастан тәуелді бола бастадым. Бірінші рет достарыммен бірге тұтынып көрдім, ұнап қалды. Екі жыл бойы қабылдап жүрдім. Одан соң тастап кеттіп, сосын қайта қабылдай бастаған соң емханаға жатуды шештім, Емделіп шықтым, бірақ шыдамай арасында қабылдадым. Сосын қайтадан 2 жыл бойы қабылдап жүрдім. Енді қайта ем алу үшін емханаға келдім. Бұл жерде жақсы емдейді. Енді толығымен тоқтағым келеді. Жасым қаншаға жетті, ата-анамды да аяймын.
Науқастарды емдеу үшін алдымен медикаментозды ем қолданылады, кейін психологтар мен психотерапевтер жұмыс жасайды. Себебі дәрігерлердің сөзінше, бірінші кезекте тәуелділікті психологиялық тұрғыдан емдеу қажет. 2023 жылы Семей қаласындағы наркодиспансерге есірткіге тәуелді 100-ге жуық адам жүгінген.
СНХ0070: ЮРИЙ КОЛЯКО - ДӘРІГЕР НАРКОЛОГ
Ерікті түрде стационарлық емдік курсы әдетте 22 күнге созылады. Осы уақыт ішінде бірінші кезекте медикаментозды терапия курсын өтеді, шамамен 7-10 күн және кейін психотерапиялық курс жүргізіледі. Психолог мамандар мен психотерапевтер жұмыс істейді.
Қазіргі таңда есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде мектеп оқушылары мен студенттерге ескірті қылмысына қарсы түрлі семинарлар мен түсіндіру жұмыстары жүреді. Десек те, есірткіге еліткендер қатарының азаймауы бұл салада өзге де жұмыстардың қолға алынуы қажеттігін байқатады.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА