Өнерімен өрлеген қайраткер
«Өнерімен өрлеген қайраткер». Облыстық тарихи-өлкетану музейінде мәдениет қайраткері, білім беру ісінің үздігі, қорбызшы, дирижер, сазгер Оразғали Сейітқазының 75 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Оған өнер иесінің әріптестері, замандастары қатысты.
Өнер иесі Қарқаралыда дүниеге келген. Семейде ғұмыр кешті. Қазақ ұлттық аспаптар оркестріне, үрмелі аспаптар, симфониялық оркестерге, хорға, жекелеген музыкалық аспаптарға арнап бірқатар шығарманы лайықтады. Қазақ кино өнерінің классикасына айналған «Қыз Жібек», «Құлагер» фильмдерін музыкамен көркемдеуге үлес қосты.
СЕРІК МАЛАЕВ, М.ТӨЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ УЧИЛИЩЕ ОҚЫТУШЫСЫ
Консерваторияда оқып жүргенде ол кісі Латиф Хамидидан сабақ алған екен. Сондықтан да ол кісі қазақтың ән – күйлерін көбінесе оркестрге өңдеп түсіруден үлкен маман болды. Еңбегі зая кеткен жоқ. Яғни, үлкен «Салтанатты Семей» деген партитуралар жинағы өзі қайтыс болған кезде жарық көрді. Оның ішінде өзінің төл ән-күйлері бар.
Оразғали Жүнісбекұлы үш әдістемелік оқулық, оннан астам күй, жүзден астам ән жазған. Әр шығарманың жазылуын, жарыққа шығуын жары Сәуле Ахметқызы жақсы біледі. Ол кісі шәкірттерімен марқаятын, дейді өнер иесінің жары.
СӘУЛЕ АХМЕТҚЫЗЫ, О.СЕЙІТҚАЗЫНЫҢ ЖАРЫ
Еңбегі бәрі бағаланды. Шәкірттері бүкіл республиканың түкпір – түкпірінде, музыкальный школда, музыкалық колледжерде, консерваторияда, әрбір оркестрде Орекеңнің шәкірттері отыр. Әндерінің көбі оқу программасына кірді. Хормен айтылады. Жеке айтылады. Тағы осындай еңбектері өте көп.
Еске алу кешіне жиналғандар естеліктер айтты. Өткен шақтың сәулесі өшпес сәттерімен бөлісті. Оразғали Жүнісбекұлының жүріп өткен өнегелі жолына тоқталды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі мұндай танымдық кештерді жиі өткізеді.
МАНАРБЕК САТЫБАЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ – ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ДӘРЕЖЕЛІ МАМАНЫ
Өңірдің мәдениетіне, әдебиетіне, өнеріне өзінің үлесін қосқан азаматтардың атын шығару, ол кісілерді елеп – ескеру мақсатында, өлкетану тарихы болғаннан кейін сол кісілерді елге, жұртқа, жас ұрпаққа насихаттау барысында жиі – жиі осындай іс-шаралар апта сайын өтіп отырады.
Оразғали Сейітқазының тағы бір қыры – дарынды дирижер еді. Прима-қобыз, қылқобызда құйқылжыта ойнайтын. Еске алу кешінде өнер иесінің шығармаларын шәкірттері орындады. Өнерімен өрлеген қайраткердің тұлғасы аласармақ емес. Өйткені, өміршең туындылары бар.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ