ДОНОР БОЛУ – ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРУ
14 маусым әлемде Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі. Қан тапсыру – өзгенің өмірін сақтап қалуға үлес қосу. Семейде денсаулық сақтау басқармасы Облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі акция өтті. Оған қатысқан семейліктер қан тапсырып, азаматтық белсенділіктерін танытты.
Дүниежүзілік донорлар күні 2005 жылы бекітілді. Мереке донорлар, қан орталығының қызметкерлері мен қайырымдылық жасауға жаны құмар жандарды біріктірді. Қаламыздың қан орталығында « Қан тапсыр. Үміт сыйла. Өмірді бірге құтқарамыз» ұранымен айтулы шара аталып өтілді. Науқанның басты мақсаты- азаматтардың денсаулығын сақтай отырып, емделушілерге көмектесу және өтеусіз донорлықтың маңыздылығына назар аудару.
ИРИНА ШАМЕНКО ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Жыл сайын қан орталығына 9-10 мыңға жуық адам келеді. Биыл әзірге қан құрамы қажет 815 науқас тіркелді. Өткен жылы шамамен 2800 адамға қан құйылған. Ғылымда қанның аналогы табылған жоқ. Сондықтан қан тапсыру өте маңызды.
Қазақстанның жасы 18 –ге толған әрі медициналық тексеруден өткен кез-келген азаматы донор бола алады. Қан донорлары қоғамда маңызды рөл атқарады. Өйткені, олар қан құюды қажет ететіндердің денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосады. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесіп, түрлі ауруларға тап болғандарға үміт береді.
ДАСТАН ҚАСЕЙІНОВ ДОНОР
Мен жылына 1 рет келіп, осылай қан өткізем. Мен ойлаймын, әр адам осылай өзінің көмегін тигізу керек. Өйткені мен тек қана өзімнің денсаулығымды түзеп қоймай, басқа да қанға мұқтаж жандарға көмегім тиіп жатқанына ризамын. Ешқандай қорқыныш жоқ бұл жерде шынында дадәрігерлердің көмек көрсету қызметі өте жоғары деңгейде.
АЛМАС ЖҰМАБАЕВ ДОНОР
95 жылдан бастап, қан тапсырам. Дормын. Бұған әкелген бір себебі көрші адамға кезінде операция жасаған, қан керек болды да. Содан кейін әрі қарай қан тапсыра бастадым. Звондайды, шақырады, қан керек деп. 95 жылдан бастап осылай үзбей тапсырып келе жатырмын. Талай адамға көмек көрсеттім. Талай адамның өмірін сақтадық.
Қан доноры болу- әр адамның өз ықтиярымен атқарылатын азаматтық белсенділік. Бүгінгі шарада белсенді донорларға көп жылдық адалдығы, мейірімділігі, жанашырлығы мен мейірімділігі үшін Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Ермек Исабаев