ОРМАНДАҒЫ ӨРТТІ ЕРТЕ АНЫҚТАЙТЫН ЖҮЙЕ ОРНАТЫЛДЫ
«Семей орманы» табиғи резерватында өртті ерте анықтайтын заманауи жүйе орнатылды. Өрт мұнараларына 37 бейнебақылау камерасы қойылған. Олар 656 мың гектар жерді бақылай алады. Қызыл жалыннан қандай да бір белгі байқалса, түтінді дер кезінде байқап, бірден орталыққа ақпарат жібереді. Жаңа құрылғыларды Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Бағдат Мусин таныстырды.
Заманауи жүйе еліміздің барлық аймағындағы орман алқаптарында қолданылады. Бұл мақсатқа 37 млрд. теңге қаржы қарастырылып отыр. Алғашқы жұмыс Абай өңірінен басталды. Қазіргі таңда бейнебақылау камералары сынақ режімінде жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, жүйе толық іске қосылса, орманшылардың жұмысын жеңілдетіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізбек.
БАҒДАТ МУСИН, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Ол жүйе жасанды интеллект базасында жұмыс істейді. Камералар, олар 25-30 километрға дейін жетеді оның көздері. Сосын, сол бір жерде өрт болайын деп жатса, соны жаңағы детекшн жасап, яғни соны зерттеп, камералар ахуалдық орталыққа ақпарат береді. Оның түгелі автоматты түрде. Цифрофизацияның мәні осында. Адами факторды алып тастау. Тиімділікті өсіру және жасанды интелектті қолданып, біздің цифровизациямызды барлық Қазақстанның түкпір түкпіріне дейін жеткізу.
Жыл басынан бері Семей орманында 42 өрт жағдайы тіркеліпті. Тілсіз жауды ерте анықтау жеткіліксіз. Оны жедел оқшаулау үшін тиімді техникалар керек. Орманшылардың тозығы жеткен техникалардан құтылатын күні алыс емес. 2027-жылға дейін орман шаруашылығы жаңа техникамен толықтай қамтылмақ.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ
Біз «Семей орманын» толығымен бағанағы өрт сөндіретін машина, тракторлармен, сосын мынау әлгі кіші өрт сөндіретін комплекстар дейді, жарты тонна су тиеп, анау ауыр машина 8 кубпен келіп болғанша, зыр дегізіп барып, алғашқы жұмысты бастай беретін сондай бір тәсіліміз бар. Сол техниканы толығымен біз қамтамасыз етеміз деп жоспарлап отырмыз.
Минстр мұндай жүйе өзінің тиімділігін көрсетуде, дейді. Бұрын қызыл жалын жасыл желекті 80 гектарға дейін шарпыса, жүйе орнатылған жерлерде 14 гектарға дейін төмендеген. Ерте анықтау жүйесі биыл елімізде 24 орман шаруашылығына қойылмақ.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ
Семейден бастадық. Бес тағы лесхоздар, мынау Ақмола облысының, одан тыс Қостанай облысында «Наурызым» қорығы мен Астананың маңайындағы жасанды орман жасыл белдеу 102 мың гектар жерді қамтитын жүйені орнатуды бастадық. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады.
Жасыл алқап – облыстың байлығы, өңірдің «өкпесі» десе де болады. Көз тартар табиғатты қызыл жалыннан қорғауда жаңа технолгиялардың көмегі көп тиеді, дейді мамандар.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ