ӘКЕ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

2023-жылдан бері елімізде маусым айының үшінші жексенбісі Әкелер күні болып бекітілді. Кеше әкелер күніне орай «Әке өнегесі ұрпаққа үлгі» атты мерекелік концерт өтті. Әке – отбасының алтын діңгегі, шаңырақтың иесі. Бұл күнді мерекелеу арқылы біз қоғамда әке рөлін дәріптейміз, әкенің жауапкершілігін арттырамыз, дейді шараны ұйымдастырушылар. Арбатта Семей қалалық мәдениет сарайының әншілері концерт қойып, әкеге арналған әндер шырқады.

МҰСАТ МҰСТАФИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әкенің жолы деген енді, төл мереке ғой әкенің күні деген. Соны мына қала тұрғындарына, әкімшілікке көп-көп рақмет. Елеп – ескеріп, осындай осындай мереке ұйымдастырып, концерт жасап жатқанына. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын.
МЕЛС АСҚАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгін міне, Семей халқы әкелер күнін тойлап жатыр. Енді мына қалалық мәдниет үйіне көп рақмет айтамын. Осындай концерт ұйымдастырып жатқанына. Енді қала халқын әкелер күнімен құттықтаймын. Мен өзім әке емес, атамын. Шөберелерім бар. Продедушкамын. Балаларымыз аман болсын. Үлкен азамат болсын.