АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай велошеру өтті. Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараға кәсіби спортшылармен қатар, әуесқой велосипедшілер де қатысты. 200-ден аса жас пен жасымыстың жиналғанына қарап, Семейде велосипед тебетіндердің саны көп екенін аңғаруға болатындай.

Велошеруге қатысуға қызыққан жас өреннің бірі - Бейбарыс Мұсағали. Ол әкесімен ере келіпті бұл дүрмекке.

БЕЙБАРЫС МҰСАҒАЛИ, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ
Мен бүгін әкеммен бірге келдім. Менің жасым онда. Мен бірінші рет қатысып отырмын.

Велосипедтің түр-түрін көресің мұннан. Осыдан-ақ кәсіби де, әуесқой да спортшылар жиналғанын аңғаруға болады. Спорттық шараға қатысқандардың ең кішісі 9 жаста, ал ең үлкені 70-тен асқан. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда велосипед тебудің маңызы зор, дейді қатысушылар.

АЙДАР ШАЙДИЛОВ, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ
Спорт деген адамға пайдалы түрі десек те болады. Сол себепті соны қолдау мақсатында қатысып отырмыз. Бүгін міне, қатысушылар саны өте көп екен. Өте қуантатын жайт. Жалпы, Семей қаласында бұндай бұқаралық түрде осындай спорттық шаралар жалпы, халықтың бірлігіне де, өмірде де жақсы бір насихат түрі деп ойлаймын.
ҚАЙРАТ ҚАДЫРБАЕВ, ВЕЛОШЕРУГЕ ҚАТЫСУШЫ
«Мен мұнда өте көп жастарды көрдім. Менің жасым алпыста. Велосипед теуіп жүргеніме үш жыл болды. Денсаулыққа пайдалы. Мен велосипедке ақша жұмсадым. Енді дәрі – дәрмекке қаражат жұмсамаймын. Жастар бір үйренсе, бұл велосипед спортынан ешқашан бас тартпайды».

Велошеруді Alikhan Bokeikhan University мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.

АЛЕКСАНДР КОЙЧУБАЕВ- ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY РЕКТОРЫ
Осындай 200-ден астам кісілер келіп отыр бүгін. Ұлы Абай негізі ағартушылыққа, білімге тартатын. Енді осы іс-шара өте жақсы өетеді, жақсы әсер береді біздің семейліктерге.

Шайтан арбаға мінгендер стартты Әуезов даңғылының осы жерінен бастады. Даңғылмен көктей отырып, қалалық офицерлер үйі жанынан кері бұрылып, Мұхтар Әуезов ескерткішінің алдына келіп бірақ тоқтады. Мұнда қатысушыларға мерекелік бағдарлама ұсынылды.


ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ