2025 жылдың жазғы маусымында «Жасыл ел» еңбек жасақтары еліміздің барлық өңірлерінде белсенді жұмысын бастады. Бағдарлама аясында мыңдаған жас табиғатты қорғау және көгалдандыру жұмыстарымен айналысып, еліміздің экологиялық ахуалына үлес қосуда. Абай облысында 1 мыңға тарта белсенді көгалдандыру жұмыстарына жұмылды.

Биылғы маусымда «Жасыл ел» қатарына студенттер мен мектеп оқушылары, жұмыссыз жастар тартылды. Олар орман алқаптарын тазалау, ағаш отырғызу және саябақтарды абаттандыру жұмыстарына кірісті. Сонымен қатар, экологиялық білім беру тренингтері мен волонтерлік акциялар ұйымдастырылуда. «Жасыл ел» арқылы елімізде экологиялық сананы қалыптастыру бағытында нақты нәтижелер бар. Биыл облыс бойынша 1 мыңға тарта жас еңбекке жұмылса, Семей қаласында 50 адамға квота бөлінген.

ТАЛШЫН ЖАМАНҚҰЛОВА -ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Бала жұмыс жасау арқылы жалақысын ала отырып, экологияны қорғау тазалықты сүюге қорашан ортаға құрметпен қарауға ниеттенетін болалды.

«Жасыл ел» мектеп оқушыларына, студенттерге және жұмыссыз жастарға маусымдық жұмыс ұсынады. Бағдармала 16-35 жас аралығындағы топты қамтиды. Жастар еңбек ете жүріп, табыс табады.

ЖАНСАЯ ЖҰМАБЕК- «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЖАСАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ
Таңғы 8 ден кешкі 4 ке дейін жұмыс істейміз. Аспалы көпірдің астын арам шөптерден қоқыстардан тазартамыз, көп жұмыс атқарамыз. Өзім де ақы алып, қалама көмектесемін, жасылдандырамын, тазартуға көмектесемін, өзіме де пайдалы, бұл менің ең бірінші жұмысым.

 «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру – мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Жасақтың қатарындағылар экологияны жақсартуға, еңбекке араласуға мүмкіндік алды. «Жасыл елдіктер» қаламызды абаттандырып, көгалдандыруға өз үлестерін қосуда.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА