ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ
Жылдық жоспарға сәйкес, “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде дабыл соғылды. Ол әскердің дайындығына баға беретін, оқу-жаттығу шараларының жүйесін қамтиды. Уақыт жоғалтпай ширақ қимылдау Отан қорғаушылардың басты ережесі.
Девизион ұйқыдан тұр, дабыл! Бұл бұйрықты ести сала сарбаздар лезде оянып, киініп, сапқа тұрды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің жеке құрамы таңғы дабылдан оянды. Әскери бөлімнің жеке құрамы мен сарбаздар санаулы минуттар ішінде дайын болды. Осындай жаттығулар әскери қызметшілердің әскери дайындығын арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
ӘДІЛЕТ ТӨЛЕГЕНОВ– 30217 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ АРТИЛЛЕРИЯЛЫҚ ДИВИЗИОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ
«Бүгін жазғы... - ...дайынбыз».
Әскер қатарында әр адамның өзіне жүктелген міндеті бар. Сарбаздар мен сержанттар командирдің бұйрықтарын нақты орындауы қажет. Бұл өз кезегінде тактикалық дайындықты арттырып, бөлімшелердің әрекетін егжей-тегжейлі жоспарлауға септігін тигізеді. Дабыл жеке құрамды дайындау – әскерді жылдам ұйымдастыру мен қайта топтастырудан тұрады. Жауынгерлік дабылдың басты ерекшелігі — белгіленген орындарға дер кезінде жету, техника мен қару-жарақтың дайындығын тексеру.
АРНҰР СЛӘМБЕКОВ – ТАНК БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Осыған орай... - ...дайын болу»
Сонымен қатар, бұл кезеңде жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы да маңызды рөл атқарады. Өйткені жеке тәртіп пен ұжымның ауызбіршілігі – бөлімнің жауынгерлік дайындығына тікелей әсер етеді. Әскери бөлімді жоғары деңгейдегі дайындыққа келтіру жылына екі рет өткізіледі. Біріншіден, жас сарбаздарға іс-әрекетті үйрету болса, екіншіден – теориялық білімді тәжірибеде қолдану. Жауынгерлік дабыл – әскердің кез келген жағдайға дайындығының көрсеткіші және төтенше жағдайда әскери қызметшілердің іс-қимыл жасау қабілетін сынға алатын жаттығу.
Малика Мухтарова