«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы аясында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, «IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі», «№50 жалпы білім беретін IT мектеп-лицейі» базасында дәстүрлі студенттік тәжірибелік конференциясы өтті.
«Тамаша адамдардың өмірі» жобасы аясында колледж студенттері өздері таңдаған түрлі салада табысқа жеткен тұлғалармен сұхбат жүргізіп, олардың өмір жолдары, жетістіктері мен ұстанымдары туралы мағлұмат жинады. Әр студент сұхбат презентация жасап, қызықты деректермен бөлісті.
ОРАЛХАН САРТАЕВ – IT ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Биыл біздің достық үйінің мүшелері сол кісілерге арнап, тамаша адамдар өмірін өткізіп жатырмыз. Енді ойлап отырымын, сол оқушылар, студенттер осы адамдардың өмірін көріп, осы сондай болсақ деп ойлайтын болса, біз ойлап отырмыз біз мақсатымызға жеттік деп. Сол мына қасында жүрген адал адамдарды соларға ұқсаймыз деп, солар сияқты боламыз деп армандаса біз осы алдымызға қойған мақсаттарға жеттік деп ойлаймыз.
Бұл жоба арқылы студенттер еңбекқорлық, адалдық, мақсатқа жету жолындағы ізденістің биік белестерге жетелейтінін түсінді. Ел құрметіне бөленген жандардың өмірлік тәжірибелері жас ұрпаққа өнеге болып, кәсіби, рухани дамуына үлес қосты. Колледж студенті Ұлпан Гүлжихан Жұматайқызының өмір жолы туралы ізденді.
ҰЛПАН СЕРІКҚАЛИЕВА – СТУДЕНТ
Біз осы «Тамаша адамдар өмірі» жайлы жобада Жұматаева Гүлжихан Әмірғалықызы туралы ақпарат жинаған болатынбыз, ол кісінің өмір баянын және де көптеген ол кісінің еңбек жолын зерттедік, ол кісінің өзінен сұхбат алып, ол кісі жайлы мақала істеген болатынбыз.
«Тамаша адамдар өмірі» жобасына енген кейіпкерлердің өмір жолы, айтар ойы, олардың қоғамдағы орны мен беделі жас ұрпаққа үлгі. Гүлжихан Жұматайқызы зейнет жасына жетсе де қол қусырып отырмай, салт-дәстүрдің насихатшысы атанып, қоғамдық өмірдің қайнаған ортасынан табылып жүр.
ГҮЛЖИХАН ЖҰМАТАЕВА – АБАЙ ОБЛЫСЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Балалараға да, қолдап алып жүрген басшыларына да өте ризамын. Енді оларға өзімнің дәрігерлік жайымды айтамын, іштерінде барлығы бірдей айтищник болып кетпейтін шығар, дәрігер, мұғалім болғылары келетіндер бар шығар. Соларға өзімнің өткен жолымды айтпақшымын.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жоба аясында студенттер Достық үйіндегі орталық өкілдерінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оларды сан қырынан таныды. Білім мен еңбекті ұштастыра адамгершілік құндылықтарды жоғары қойған адамдардың өнегесі жастарға үлгі.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА