Экономикалық тұрақсыздық жағдайында азаматтардың балама табыс көздеріне қызығушылығы басым болады. Қазір елімізде де желілік маркетинг пен қаржылық пирамидаға қатысып жатқандар көп. Бірақ азаматтар екеуін айыра білмегендіктен алаяқтар құрығына түсуде, дейді мамандар өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Желілік маркетингті бәріміз білеміз. Мұнда табыс тауарды сату мен өздері тартқан адамдардың сатылымы арқылы келеді. Бұл көбіне нарықта сұранысқа ие өнімдерге қатысты. Бастысы компания тіркелген және Қазақстанда салық төлейді. Табыс мөлшері сатылымға байланысты болады. Ал қаржы пирамидасы тауар немесе қызметті сату арқылы емес, жаңа қатысушыларды, яғни таныстарды тарту есебінен жүзеге асырылады. Ешқандай өнім жарнамаланбайды, адам санын толтырып, сол арқылы жеңіл жолмен мол табысқа кенелуге уәде беріледі. Абай облысы құрылғалы құқық қорғау органдары мен Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 14 қаржылық пирамида таратылды. 1 500 адам зардап шеккен. Тұрғындар 115 млн. теңгеден артық шығынға батқан. Алданып қалмас үшін басты шарттарға назар аудару қажет.

ҒАЛЫМ ШЕГЕНОВ -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Азаматтарға не нәрсеге назар аудару қажет. Компанияның Қаржылық мониторинг агенттігінде немесе Қаржылық нарықты реттеу агенттігінде тіркелгенін және лицензиясы бар-жоғын тексеріңіз;
Нақты өнім немесе қызметтің бар-жоғын анықтаңыз; Маркетинг жоспарын мұқият зерттеңіз: табыс сатудан ба, әлде тек «адам әкелуден» бе? 200–500% табысқа уәде беретін ұйымдарға сенбеңіз; Ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан және finreg.kz сияқты ресми реестрлерден тексеріңіз.

Қаржылық пирамида – айламен жеңіл ақша табу схемасы. Ол азаматтардың ғана емес, жалпы ел экономикасының қауіпсіздігіне де қауіпті. Ақпарат жан жақтан таратылып жатса да, қалтасынан қағылып, айлакерлердің құрығына түсетіндер азаймай отыр.

БЕКЖАН СПАНОВ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭТД ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
 схемасы негізінен интернет саласы арқылы кең таралады. Жарнамалау арқылы, тик- ток, ютуб, инстаграмм арқылы блоргерлер жалдау арқылы. Біздің тарапымыздан 553 сілтемеге шектеу қойылды, бұғатталды. Олар бірден 200-400 пайызға дейін тез пайда табуға уәде берген. Өаржылық сауаттылықтары төмен азаматтар оған тез сенеді.

Мамандар ескертеді. Қазақстан Республикасында қаржылық пирамидаларға тыйым салынған. Қаржылық пирамиданы ұйымдастырған немесе басқарған тұлғаға 12 млн. теңгедей айыппұл салынады. Немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Егер қылмыс ұйымдасқан топпен жасалса – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу көзделген. Қаржылық пирамидаларды жарнамалауға тыйым салынған.


НҰРГҮЛ САДЫҚОВА