Соңғы 2 жылдан бері елімізде маусым айының үшінші жексенбісі әкелер күні ретінде аталып өтілуде. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар. Бүгін осы мерекеге орай Семейде «Әке – отбасы тіреуі» тақырыбында шара өтіп, қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бір топ әкеге құрмет көрсетті.
Еліміздегі мерекелер қатарына «Әкелер күнін» енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді дейді мамандар. Семей қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Әке – отбасы тіреуі» тақырыбындағы шараға мемлекеттік қызметте еңбек етуші қызметкерлердің әкелері шақырылды. Оларды алдағы мерекемен құттықтауға облыстық мәслихат депутаты, қалалық қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрағалары келіп қатысты. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев әкелердің жастар тәрбиесі мен кәсіби еңбек жолындағы тәжірибесі ерекше екендігін айтты.
БЕКЖАН БАПЫШЕВ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отан¬шыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады», дегені белгілі. Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні де осында болса керек. Ұлтты түзеу үшін отбасындағы тәрбиені түзеу керек десек, отбасында әкенің рөлі маңызды.
Ұрпағына үлгі әкенің бірі – Елубек Оспанов. 30 жылдан аса уақыт мемлекеттік әрі құқық қорғау органдарында қалтқысыз еңбек еткен әке ұлдарының бірі – қалалық әкімдікте еңбек етсе, енді бірі –тәртіп сақшысы болуды алдына мақсат етіп қойып отыр. Оның пікірінше, әке – әрқашан көшбасшы бола білуі керек.
ЕЛУБЕК ОСПАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ
Бір бәйтерек, бір шынар деген сияқты отбасындағы әкенің рөлі, шешенің рөлі екеуі қатар жүретін, бірімен-бірі ажырамайтын ұғым. деседағы ұяда не көрсең ұшқанда соны іледі дейді. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер дейді. Мысалы өзімнің жүріп өткен жолымды кейінгі балаларымда жалғастырып жатқан жағдайы бар.
Басқосуда сөз алғандар әкенің отбасындағы ғана емес, қоғамдағы рөлі жайлы да әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Қалалық өнерпаздар әке жайлы тәрбиелік мәні зор әндер шырқады. Шара соңында қонақтарға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ермек Исабаев