ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕ

Бүгінгі таңда жасанды интеллект біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Ол үйде де, мектепте де, тіпті ойын алаңында да балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Аягөз қаласы қалалық көпбейінді қазақ мектеп гимназиясының 4-сынып оқушысы өз ұстазымен бірге осындай қызықты жоба жасап шықты.

Жоба жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, балалардың ойын алаңындағы қауіпсіздігін арттыру. Егер бала қақпаға тым жақындаса, арнайы орнатылған жасанды интеллект жүйесі оны камера арқылы дереу анықтайды және дабыл қағады. Осы жүйенің арқасында балалар алаңсыз ойнай алады, ал үлкендер олардың амандығына сенімді болады.

БАТИМА ҚИЛЫБАЕВА – ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
"Менің оқушымның ұсынып отырған жобасының тақырыбы жасанды интеллект біздің өмірімізде. Бұл жасанды интеллекті адам өміріндегі маңыздылығын, оның мүмкіндіктерін зерттеу, оны іске асыру болып табылады. Жобада ардуина құралдарын пайдаланып, С++ бағдараламасында жобамызды бағдарламаладық. Енді бұл жерде оқушы ойын алаңындағы демалыс бағындағы қауіпсіздік шарасын пайдалану. Яғни бала қақпаға жеке өзі жақындаса ультрадыбыстық датчик көреді де, пьезоэлементі шиқылдап дыбыс береді, яғни дабыл қағады."

Қазіргі жаңа технологиялар адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, балаларды қорғайтын сенімді құралға да айналып отыр.

АДИНА БЕРІКҚАЗЫ – ОҚУШЫ
"Жобамның тақырыбы жасанды интеллект біздің өмірімізде. Мен зерде ғылыми жобасына қатыстым, аудандық 1-ші орын, облыстық бас жүлде, республика ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталдым. Мен ойын алаңында, демалыс бақта қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады деген ой келді. Ойымды мұғалімге айтып, жұмыс атқардық."

Әр дарынды шәкірттің артында оның ең сенімді серігі – ұстазы тұрады. Бұл жобада да ұстаздың рөлі ерекше. 4-сынып оқушысы Адина өзінің жетекшісі — Батима Қилыбаевамен бірлесе отырып, 1 жыл ішінде теория мен тәжірибені үйлестіре алды. Нәтижесінде бұл жұп ерекше идеяларымен жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болды.

БАТИМА ҚИЛЫБАЕВА – ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
"Жобаны жасауға 1 жылдай уақыт кетті. Жалпы, бірінші идеямыз пайда болғаннан кейін, қағазға түсіріп, оны жаз бойы ойланып, әртүрлі өзгерістер енгіздік бір жасап, одан кейін қайта өзгерістер енгізіп, жобаны ұсындық. Адинаның жобасы аудандық зерде ғылыми жобалар сайысында 1-ші орын, облыстық зерде ғылыми жобалар сайысында бас жүлдені алдық. Одан кейін республикалық кезеңде ерекше жетістігі өшін грамотамен мадақталды."

Жас өнертапқыштың бұл бастамасын балабақшаларда қолдануға тиімді. Жасанды интеллект бүлдіршіндерді назардан тыс қалдырмай белгіленген жерлерден қашық кетпеуін қадағалауда ұстайтын болады.


АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА