ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
Семей қаласында «Заң және тәртіп» аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Мемлекеттік орган өкілдері азаматтарды қабылдады. Ұйымдастырушылар – Тәуелсіз зерттеулер орталығы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Семей тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді. Акцияға Абай облысы әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ полиция, әділет және мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері қатысты. Бұл шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
САЯТ БАЗАНОВ – ПРЕВЕНЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шараның маңызы – адамдардың өз мәселелері бойынша кез келген құқықтық көмекті қолжетімді түрде алуына мүмкіндік жасау. Яғни, мұнда барлық ұйымдар шоғырланған. Денсаулық сақтау бойынша сұрақтары бар адамдар үшін – денсаулық сақтау саласы бар, ал құрылысқа қатысты – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бар. Мұнда азаматтардың сұрақтарына жауап бере алатын барлық органдар қатысып отыр.
Айта кету керек, бұл – осындай форматтағы алғашқы акция емес. Бірнеше ай бұрын да осындай іс-шара ұйымдастырылған болатын. Бастама алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұдан бөлек, заңгерлік және құқықтық көмек тек халқы тығыз орналасқан қалаларда ғана емес, Абай облысының барлық аудандарында да көрсетілетін болады.
ЖАНАР ҚАБИДОЛЛАҚЫЗЫ – «ТӘУЕЛСІЗ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ БАСШЫСЫ
Былтыр ---- аралап шығамыз.
«Заң және тәртіп» идеясы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық саяси реформалар аясындағы алғашқы бастамаларының бірі ретінде жарияланған болатын. Сол себепті халықпен тығыз байланыс орнату және олардың құқықтарын қорғау — билік үшін басым міндеттердің бірі. Сала өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың барлық өтініштері тіркеліп, кезегімен шешілетін болады.
АЛИНА АЗБЕРГЕНОВА