ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
2011 жылы дүниеге келген жас футболшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Елімізде футбол клубтары мен академиялардың тәрбиеленушілері арасындағы бәсекеге 16 команда қатысуда. Жуырда Семейде чемпионаттың кезекті туры өтті.
Семейге «Елімайдың» оралуы балалар футболын жандандыра түсті. Қазірде ала допқа қызыққан жас футболшылардың қатары арта түскен. «Елімайдың» ізбасарлары топтасқан команда Қазақстан чемпионатының кезекті турында Ертіс, Астана, Жеңіс командаларындағы құрдастарымен кездесті.
ЕФИМ ГЕРМАНОВИЧ, «ЕЛІМАЙ» ФК ЖАСТАР ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қазақстан чемпионатында барлық команда бір-бірімен ойнап шығады. Сәуір айында басталған жарыс қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл кезеңдегі 4 команда келесі айда басқа командалармен қарсылас атанбақ.
Осылайша 2011 жылы дүниеге келген ойыншыларынан құралған командаларының отандық футбол клубтары мен академиялардың ең көп ұпай жинағаны чемпион атанады. Жарысқа қатысушы «Ертіс» командасының жасөспірімдері жүлдеден үміттілердің бірі.
САНЖАР КЕНЖЕБАЙ, «ЕРТІС» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ
Дайындығымыз жаман болған жоқ. Жеңіске деген құлшыныс бар. Әзірге турнир кестесінде 12 ұпаймен 7 орында келеміз. Мақсатымыз үздік үштікке еніп, чемпион атану
Жасөспірімдер жарысы Ұшақтар шағын ауданындағы стадионда өтуде. Спорттық нысан футболсүйер жастарға жақсы мүмкіндік сыйлады. Футболшылар осы жерде жаттығып, кәсіби дайындықтарын шыңдап жүр. Чемпионаттың Семейден кейінгі кезекті туры Талдықорған қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Ермек Исабаев