Ауылдың оқушылары Алматыда өтетін білім бәйгесінде бас қосады. Еліміздің мың ауыл оқушысы Алматыда IQanat республикалық олимпиадасының финалында бақ сынайды. Білім жарысының финалы 13-20 маусым күндері өтеді. Айта кетейік, бұл сайысқа 8-сынып оқитын ауылдың 50 мың баласы қатысқан. Абай облысында облыстық кезеңінен 300-ден астам бала ішінен 39 бала финалға өтті. Басты жүлдеге Бурабайдағы Айқанат мектебінде білім алуға грант беріледі. Финалистер мектеп-пансионатта тегін оқуға мүмкіндік алады, олимпиададан кейінгі үш жылдық тегін қолдау бағдарламасына қатысады.

ГҮЛНҰР САДЫҚОВА, IQANAT ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУШІСІ
Біздің облыс бойынша 12 ауданның барлық балалары қамтылған. Бұл жаңағы метематикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, жаңағы таңдау пәндері бойынша – математика, ағылшын, физика, биология, химия.
 ҰЛПАН БАУЫРЖАНОВА, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ
 IQanat олимпиадасы – бұл мен үшін арманға бастар жол десем де болады. Себебі, бұл ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларда сынайтын, оларды қолдайтын олимпиада десем болады. Осы екі турдан сүрінбей өтіп, міне, бүгін Алматы қаласына үшінші тур, финал, шешуші кезеңге бара жатырмыз.