Сенбілікке оқу орындарының студенттері, шағын және орта бизнес нысандарының өкілдері қатысты. Қоғамдық және жастар ұйымдары да қалыс қалмай, аймақтағы тұрғындар да белсенді атсалысты. Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың өкілдері де облыс әкімінің үндеуіне нақты іспен үлес қосуда.
ТАЛҒАТ МҰРАТОВ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Құрметті жерлестер! Кеше, алдыңғы күні облыс әкіміміз Берік Уәлиұлы жақсы бір үндеу жіберіп, бүгін сөзді, ол кісінің сөзін қалдырмай алғашқы сенбілікті өзіміз өткізіп жатырмыз. Жалпы, қаланың тұрығындарын, облыс тұрғындарын соған шақырамыз. Жалпы, қала, облыс бойынша бәрін, тазалықты сақтау керек.
Семейдегі жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысты. 1 000 текше метрден астам қоқыс полигонға шығарылды. Тазалық жұмысынан халық қалаулыры да қалыс қалған жоқ.
АНЖЕЛА МАСЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Бүгін әріптестерім, облыстық мәслихат депутаттарымен бірге облыс әкімі Берік Уәлиұлының бастамасын қолдауға шықтық. Баршаңызды бізге қосылуға шақырамын. Әр сенбі сайын сенбілікке шығамыз, қаламыздың әр аумағын барынша тазартуға тырысамыз. Осылайша біз өскелең ұрпаққа үлгі боламыз. Мұнда біздің балаларымыз, ата-аналарымыз тұрады. Әрине, таза қалада өмір сүру бәрімізге жақсы. Біздің ортақ міндетіміз - қазір қаланы бірлесіп тазарту. Сондықтан, бірге қосылыңыздар!
РАФАИЛ ХАЗИПОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Бүгін біз барлық депутаттық корпус болып жалпықалалық сенбілікке шықтық. Облыс әкімінің қала тұрғындарына жасаған үндеуі уақтылы болды. Тазалықты сақтау әдіт болып қалыптасуы керек. Шағар тазалығы біздің мәдениетіміздің көрсеткіші. Сондай-ақ біздің Қазақстанның мәдени астанасы екенімізді байқатады.
Сенбіліктің тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығы ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда да маңызы зор. Сенбілікке аудан тұрғындар да белсенді қатысты. Мақаншы ауданында тазалақ жұмысына 3 мың адам қатысып, 2 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Ал Бесқарағайда ауыл көшелері тазартылды. Көкпектіде сенбілік шалғай ауылдарда ұйымдастырылды. Абай, Аягөз аудандары мен Курчатов қаласында да сенбілікке шыққан адамның қарасы қалың болды.