Биыл Семей қаласындағы Қазынашылық қызметінің құрылғанына - 30 жыл. Осыған орай Абай облысы бойынша Қазынашылық департаменті қаржы саласының мемлекеттік қызметкерлері арасында спорт түрлері бойынша спартакиада ұйымдастырды. Мерейтой аясындағы мерекелік кеште қазынашылық саласына еңбек сіңірген мамандар марапаттарға ие болды.
Жарыс бильярд турнирінен басталды. Қатысушылар шеберліктерін, ептіліктерін көрсетті. Бұл турнир ұжымның ауызбіршілігін арттыру, қаржы департаменттері арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылды. Спорт пен серіктестік рухы бір арнада тоғысып, шара көңілді әрі тартысты өтті. Спорттық іс-шара волейбол турнирімен жалғасты. Спартакиада қорытындысы бойынша бірінші орынды Абай облысының қаржы басқармасы командасының ойыншылары жеңіп алды, екінші орынды Қазынашылық департаментінің командасы, үшінші орынды мемлекеттік кірістер департаментінің командасы иеленді.
МАРАТ ЕГЕМБЕРДИЕВ-ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Өңірдің қазынашылығы болғаннан кейін жергілікті мекемелерді де шақырып, олар да жарыстың жақсы өтуіне ат салысып жатыр. Осы департаменттің мерейтойы, мерекесі құтты болсын. Әріптестерімізге жақсылық, амандық тілейміз. Бүгінгі спартакиада жақсы өтсін деп тілеймін.
Сондай-ақ Қазынашылық департаментінің мерейтойына арналған салтанатты кеш Абай атындағы театрда жалғасын тапты. Іс-шара барысында Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр департамент қызметкерлерін құттықтап, үздіктерге облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
ЕРБОЛ САДЫР-АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Қазынашылық жүйенің әлемдік деңгейде өзінің орны бар үлкен жүйеге айналды. Соның арқасында мемлекеттің қаржысының тиімді жұмсалып, нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан сіздердің еліміздің дамуына, еліміздің үлкен деңгейге көтерілуіне қосып жүрген үлестеріңіз орасан зор. Осы жұмыста сіздерге табыс тілеймін.
Мерекелік кеш аясында Қазынашылық саласының бірқатар қызметкері Семей қаласы әкімінің атынан және «AMANAT» партиясынан Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, кәсіби шеберлігі және еңбекқорлығымен ерекшеленген мамандарға «Кәсіподақ қайраткері», «Өз ісінің кәсіпқойы», сондай-ақ «Елеулі еңбегі үшін» медальдары салтанатты түрде табыс етілді.