Өңірде өрт қауіпті кезеңі басталды. Күн ерте жылып, дала өрті жиілеп тұр. Биыл осы уақытқа дейін облыс бойынша 19 дала өрті тіркеліп, 39 гектар жерді от шарпыды. Төтенше жағдайлар қызметі тазалық маусымында тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Дала өртінің шығуына тұрғындардың ауласындағы қоқысты, құрғақ шөпті өртеуі себеп болып жатады. Шылым шегіп, оны сөндірмей тастап кетуі оқыс оқиғаларды туындатады. Жыл басынан бері өңірімізде 19 өрт тіркелген. Соның 2-уі тұрғын үйлердің маңында болды.
АЛМАС СҮЛЕЙМЕНОВ- ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Негізі бізде 14 сәуірден басталу керек болатын өрт қауіпті кезең. Бірақ бұл ертерек басталып кетті бізде. Өйткені жыл басынан 19 дала өрті оқиғалары тіркелді. Нақты айтқанда далада жаңған құрғақ шөп, құрғақ қамыс, т.б. Жалпы ауданы 39 гектар. 19 дала өрті, сол дала өрттерінен тұрғын үйлерге көшіп кеткен 2 жағдай болды.
Өрт бақылау басқармасының басшысы Алмас Сүлейменов қоқыстарды өртеу кезінде талаптары ескеру қажет, дейді. Қоқысты ғимараттардан кем дегенде 50 метр қашықтықта жағу керек және міндетті түрде өртті сөндіруге қажет құралдар болуы тиіс.
АЛМАС СҮЛЕЙМЕНОВ- ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Тұрғындарға айта кететін қазір күн жылығаннан кейін науқан басталады. Өздерінің мысалы жер телімдерінде қыстан қалған құрғақ шөптерді бәрін жинайды да өртейді. Өртеген кезде ғимараттардан, тұрғын үйлерден 50 метр қашықтықта, арнайы темір жәшіктің ішінде, қасында алғашқы өрт сөндурі құралдары болуы керек. Өрт сөндіру құралдарын атап өтсек: ол ұнақты өрт сөндіргіш, су, қатты кигіз сияқты материалдар.
Ал қауіпсіздік ережелерін сақтамаған азаматтар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапқа тартылады. 410 баптың 336 тармағында «Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша жауапкершілік бар. Ереже бұзғандарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
АРАЙЛЫМ ӘЛИХАНОВА