Қалада жыл басынан бері 13 қалта ұрлығы болды. Өткен жылдың осы кезеңінде осындай 29 жағдай тіркелген. Қылмыс саны азайғанымен, жойылып кеткен жоқ. Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын қырағы болуға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздік "Заң және тәртіп" қағидатының маңызды міндеттерінің бірі. Қоғамда кең тараған қылмыс түрі қалта ұрлығы. Көпшілік жерде қалтасынан қағылып, ұялы телефонынан көз жазып қалып жататындар көп. Статистикаға сәйкес, қалта ұрылары адамдар жиналатын жерлерде жүреді. Бұл аялдамалар, сауда орындары мен қоғамдық көліктер. Мұндай қылмыстардың құрбандары көп жағдайда зейнеткерлер мен студенттер болып жатады. Қалта ұрылары қолма-қол ақша, ұялы телефондар мен әмияндарды көздейді.
ДАМИР БЕРГЕНЕВ ПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯСЫ БАСТЫҒЫ
Ұрлық көбінесе қаланың орталық бөлігінде, базарларда тіркеледі. Қалта ұрлығын әдетте маскүнемдер ретінде есепте тұрған және есірткі құралдарын пайдалананатын адамдар жасайды. Қазіргі уақытта біз бейнебақылау камераларымен жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта автобус парктері автобустарда камералар орнатуда. Пилоттық нұсқа ретінде 10 автобус іске қосылды.
Бейнебақылау камераларын орнату осындай қылмыстарды ашуда және қалта ұрлығын жасаған адамдарды ұстауда да көмекке келеді. Семей қаласындағы қоғамдық тәртіп 1551 "Сергек" бейнебақылау жүйесі камерасының бақылауында. 45 камера жедел басқару Орталығына қосылған. Полиция көпшілік орында сақ болып, құнды заттарды көзіңізге көрінетін жерде ұстауды ескертеді.