Театрда премьера! Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры Александр Володиннің әйгілі «С любимыми не расставайтесь» шығармасы негізінде «Сүйе тұра қоштастым...» психологиялық драмасын сахналады. Басты тақырып - отбасылардың ажырасуы.
Қойылымды сахналау барысында шығарманың жалпы трактовкасы жаңа заман талаптарына сай өзгертіліп, қазіргі қоғам мәселесінің қырлары ашылып көрсетілді. Режиссер Дос Құбаштың сөзінше қойылым әлеуметтік драманың, махаббат пен ажырасудың күрделі тартысын көрерменге жеткізуді мақсат етеді.
ДОС ҚҰБАШ-СПЕКТАКЛЬ РЕЖИССЕРІ
Спекталь жалпы 3 көлемінде дайындалды көрерменге. Бұл жерде енді басты қозғалып отырған мәселе қазіргі қоғамның дертіне айналып тұрған ажырасу. Жастардың арасындағы осы сабақ болса екен деген ниеттеміз. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан ажырасу бойынша статистикаға сүйенсек әлемде алдыңғы қатарлы орындарда тұр екен. Соған кішкене қоғамның дерті болғандықтан ашық түрде көрсетуге тырыстық.Володиннің шығармасы, жалпы трактовкасын өзіміз жасап шығардық, осы сахнаға лайықтап, өзгертулер енгіздік, қазақыладық.
Туынды екі адамның арасындағы нәзік, терең қарым-қатынастар мен олардың арасындағы сенім, махаббат пен айырылу, күтпеген оқиғалар мен шешімдер арасындағы күрделі тартысты баяндайды. Қойылымда басты рөлді сомдаған актерлер Альмира Айтжанова мен Расул Семейғазы көрерменге махаббаттың тек қана сезім емес, сонымен қатар күрес, ішкі толғаныс пен рухани өзгерістер екенін ашып көрсететті.
АЛЬМИРА АЙТЖАНОВА- АКТЕР
Бұл спектальмен көрерменге үлкен ой тастағымыз келді. Қазіргі таңда өкінішке орай ажырасу мәселесі өте актуалды болып тұр. Сондықтан жастарға ой салып, бір-бірлерімен мәмілелесуді және істің мән-жайын біліп барып бірақ сондай ауыр шешімдерге баруға бірақ кеңес берер едік.
РАСУЛ СЕМЕЙҒАЗЫ- АКТЕР
Көрермендерге алғысым өте шексіз. Қанша дегенмен көрерменнің біз үшін алатын орны ерекше. Бүгін халық келіп көреремен алдында қойған біз үшін үлкен бір мәртебе болды. Өзімізді ерекше сезініп, міне бірінші премьерамыз аяталды. Тағы да айтамын алғысымыз шексіз, көп-көп рақмет.
Көрермен қойылымның шынайылығы және қазіргі қоғам мәселелерін ашық жеткізе білгеніне жоғары баға беріп, ерекше әсер алды.
АРАЙЛЫМ БИБЕКОВА- ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бүгінгі қойылымнан өте тамаша әсер алып қайттық. Абай тетарының актерларына алғысымыз шексіз. Барлығы өз рөлін ерекше шеберлікпен сомдап шықты. Бүгінгі қойылымда қойылған мәселе ажырасу болды. Енді бұл қойылымнан түйгеніміз асықпай шешім қабылдап, ең біріші отбасын сақтап қалу, бала бар болса одан да бетер екі жас ойлану керектігін, сондай бір мазмұнынан түйдік. Өте керемет әсер алдым.
МӨЛДІР ҚАЛИ-ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Барлығын ашып түсіндіре алды, ашып көрсете алды бізге, ортасында жылап та алдық, өте әсерлі болды, бізге қатты ұнады. Негізі жастарға жақсы үндеу болды деп ойлаймыз. Жас жігіттер, қыздар келіп жатыр, олар жақсы ойлар түйіп, болашақ жар таңдау жағынан жақсы пайдасын тигізді.
Жаңа сахналық туынды өзекті әлеуметтік мәселеге назар аударып, көрерменге терең ой салды.